Ақпараттық технологиялар және энергетика жоғары мектебі
Ақпараттық технологиялар және энергетика жоғары мектебі өзінің бастауын 1962 жылы Қазақ химия-технологиялық институтында «Химиялық өндірістерді автоматтандыру» кафедрасының ашылуымен және «Химия-технологиялық өндірістерді автоматттандыру және кешенді механикаландыру» мамандығы бойынша алғашқы талапкерлерді қабылдауымен байланыстырады. Бастапқыда кафедра Механикалық факультет құрамында болған. 1982 жылы «Химиялық өндірістерді автоматтандыру» кафедрасынан «Автоматтандырылған басқару жүйелері» кафедрасы жеке кафедра болып бөлініп шықты және 1989 жылы осы кафедрада «Химиялық кибернетика» мамандығы ашылды. 1982-1988 жылдар аралығында Қазақ химия-технологиялық институтында «Автоматтандыру және тоңазытқыш техникасы» факультеті жұмыс атқарды. 1991 жылы «Химиялық технологиялар және кибернетика» факультеті құрылды.
1997 жылы «Ақпараттық технологиялар және автоматтандырылған жүйелер» факультеті ресми түрде ашылды. 2002 жылы Ақпараттық технологиялар және автоматтандырылған жүйелер факультетінде 5 мамандық бар болатын, оның ішіндегі 3 мамандыққа «Информатика» және «Электр энергетикасы» қосылды, 2 жылдан кейін «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы ашылды. 50 жылдан астам тарихы бар факультетте 8 мамандық бойынша жоғары білімді 5 мыңнан астам мамандар білім алып шықты, 82 ғылым кандидаттары және 10 ғылым докторлары даярланды.
Іс жүзінде Шымкент және Тараз қалаларының химиялық кәсіпорындарын 90% автоматтандыру инженерлерімен қамтамасыз етуде, сонымен қатар банк жүйесінде, Шымкент қаласындағы өнеркәсіп ақпараттық жүйелердегі инженер-бағдарламалаушы қызметін атқарушы мамандардың жартысынан көбі факультет түлектері болып табылады.
1997 жылы «Ақпараттық технологиялар және автоматтандырылған жүйелер» факультетін т.ғ.д., профессор Ескендиров Шәріпжан Заханұлы басқарды.
1999-2001 жылдары факультет деканы болып ф-м.ғ.к., доцент Бименов Мырзағали Аязұлы тағайындалды.
2001-2004 жылдары т.ғ.д., профессор Үмбетов Өмірбек Үмбетұлы факультетке басшылық жасады.
2004-2008 жылдары ф-м.ғ.д., профессор Тұрмамбеков Төребай Әбдірахманұлы факультет деканы болып қызмет атқарды.
2008-2009 жылдары факультет деканы (сол уақытта АТТАжЭ институт директоры) ф-м.ғ.к., доцент Медетбекова Рыскүл Әшімәліқызы болды.
2009-2019 жылдары факультет деканы ф-м.ғ.к., доцент Бесбаев Ғани Әбзелбекұлы болып, қызмет атқарды.
2020 жылдан Жоғары мектеп деканы қызметін к.т.н., доцент Шертаев Ерман Тельманұлы атқарып жатыр.
2012 жылы факультет атауы «Ақпараттық технологиялар» факультеті болып өзгертілді.
2014 жылы факультет атауы «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебі болып өзгертілді.
Профессор-оқытушылар құрамында 1 ҚР ҰҒА академигі, 11 ғылым докторы, 47 доцент пен ғылым кандидаттары, 4 жоғары мектеп еңбек сіңірген қайраткері және 4 ҚР ЖОО үздік оқытушысы бар Жоғары Мектеп bұжымы, студенттер және магистранттардың қатысуымен бірнеше бағытта ғылыми зерттерулер жүргізіп келеді.
Қазіргі таңда Жоғары Мектепте тәлім алатын студенттердің жалпы саны – 1122, оның ішінде грант негізінде білім алатындары – 525.
Жоғары Мектеп студенттері және магистранттары Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ, Малазия және Түркия жоғары оқу орындарында оқып жүр. Оқудағы үздік білімі, қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны және ғылыми ізденістері үшін Жоғары Мектептің 12 студентіне – Президенттік шәкіртақы тағайындалды.
Қазіргі уақытта Жоғары мектепте 6В06140-«Математикалық және компьютерлік модельдеу», 6В07110-«Автоматтандыру және басқару», 6В06130-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», 6В06120-«Ақпараттық жүйелер», 6В07150-«Электр энергетикасы», 6В07140-«Жылу энергетикасы», 6В06210-«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандықтары бойынша мамандар дайындалуда.
Жоғары Мектепке қарасты кафедралардағы оқу үрдісі фундаменталды физика-математикалық дайындықты көздейтін және жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, прогрессивті ғылыми-техникалық және педагогикалық концепциялар негізінде құрылған.