«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының тарихы 1982 жылдан басталады: «Технологиялық үрдістерді автоматтандыру» кафедрасынан 1993 ж. «Автоматтандырылған басқару жүйелері» кафедрасы бөлініп шығып, «Есептеуіш техника мен автоматты жүйелендіруді бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандарды дайындауды бастады.
Кафедра 6B06130 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бакалаврлар мен магистрлер дайындайды.
Қазіргі таңда кафедраны ф.-м.ғ.к., доцент Ахметова Сабира Тастановна басқарады. Кафедра құрамында 21 оқытушылар, оның ішінде 4 ғылым докторлары, профессорлар, 5 ғылым кандидаттары, доценттер, 12 магистрлерлер, аға оқытушылар мен оқытушылар жұмыс атқарады.
Кафедра жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтармен, ғылыми-зерттеу институттарымен тығыз байланыста: Путра Малайзия Университеті (Малайзия), Ақпараттық технологиялар, механика және оптика Санкт-Петербург ұлттық зерттеу университеті (Ресей), Новосибирск мемлекеттік университеті (Ресей), Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті (Ресей), Нижегород мемлекеттік техникалық университеті (Ресей), Ташкент ақпараттық технологиялар университеті (Өзбекстан), Ресей ғылым акдемиясының Курнаков атындағы жалпы және неорганикалық химия институты (Ресей).
«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының ұжымы.
т.ғ.к., доцент Даушеева Н.Н. лабораториялық сабақ өткізуде