«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасы 2002ж.«Информатика» кафедрасы негізінде ашылды.
Әр түрлі жылдарда «Информатика» кафедрасын: ф.-м.ғ.к., доцент М.М.Медетбеков, п.ғ.к., доцент Ж.Д.Изтаев кафедра меңгерушісі қызметін атқарса, 2018ж. п.ғ.к., доцент Гүлзат Турысбекқызы Джусупбекова кафедраға жетекшілік етіп келеді.
Кафедра ұжымы
Кафедра доценті, ф.-м.ғ.к. М.М.Медетбеков жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.АЛТЫНСАРИН» төсбелгісімен марапатталды.
М.М.Медетбековтың жетекшілігімен«Создание мультимедийных программ для обучения истории Казахстана по геоинформационной технологий» атты тақырыпта «Ғылыми зерттеулерді грантпен қаржыландыру» бағдарламасы бойынша зерттеу жұмысы орындалды (2015-2017ж).
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің мақсаты студенттерді нақты объектілер мен үдерістердің ақпараттық модельдерін түрлендіру, құру, қолдану және талдау, сонымен қатар, басқа да оқу пәндерін оқыту үшін ақпараттық-коммуникациялық құралдарымен жұмыс істеу дағдыларымен, біліктерімен және базалық біліммен қамтамасыз ету. Бағдарлама студенттердің қоғамдағы ақпараттық үдерістердің рөлі, техникалық мүмкіндіктері мен адамзаттың түрлі қызмет саласында АКТ құралдарын пайдаланудың келешегі туралы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған.
«АКТ» пәні студенттерді компьютермен жұмыс істеу барысында техникалық қауіпсіздік ережесін, ақпараттық іс-рекеттің құқықтық және этикалық нормаларын сақтауға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді және жобамен жұмыс істеу барысында ұжымдық жұмысқа жұмылдыруға бағытталған.
«АКТ» пәнін оқыту барысында студенттер төмендегі дағдыларға ие болады:
-компьютер туралы ұғымдар, қазіргі заманауи технологиялар және олардың қоғам өміріндегі алатын рөлі туралы білу;
-ақпараттық-комуникациялық технологиялар құралдарын пайдалана отырып, ақпаратты іздеу, жинақтау, өндеу, сақтау және әртүрлі формаларда жіберуді іске асыру;
-әртүрлі программалық қосымшаларды пайдалана отырып, нақты жүйелер мен оқиғалардың моделін өндеу, талдау және түрлендіру, сонымен қатар өз ойларын іске асыру;
-пән бойынша түрлі тапсырмалар орындау арқылы өз логикалық, алгоритмдік, жүйелік және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту;
-бір-бірімен сөйлесу, ақпаратпен алмасу және өзара жұмыс істеу мақсатында АКТ құралдарын пайдалану;