Форум нәтижесінде оқытушыларға жүлделі диплом табысталды

ФОРУМ НӘТИЖЕСІНДЕ ОҚЫТУШЫЛАРҒА ЖҮЛДЕЛІ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

Университетімізде өткен «Заманауи білім беру: сын-қатерлер, трендтер мен стратегиялар» атты  жаңашыл педагогтердің V Халықаралық форумына қатысқан оқытушылар жүлделі орындардан көрінді.  «Ақпараттық технологиялар және энергетика» Жоғары мектебінің «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының оқытушысы, магистр Баян Тастанбекова білім алушыларға «ЖИ бағытында бағдарламаларды қолдана отырып ChatGpt, Undetectable.ai, Sytea, ChatPdf, Duolingo, Gamma қосымшаларымен жұмыс жасау» бойынша дәріс оқыды. Сонымен қатар, аға оқытушы Сандуғаш Момбекованың «Инклюзивті Интеллекті: ЖИ үшін жауапты болашақ құру», «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасының доценті, PhD доктор Гульмира Сахметованың «Электр энергияның өнеркәсіптік тұтынушылардың сипаттамалар» тақырыбында ашық дәрісі тыңдалды.«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының магистрі, аға оқытушы Айгерім Сейтханова «AI  – аватарларды оқуүрдісінде қолдану: мүмкіндіктерімен болашағы» тақырыбында шеберлік сыныбы ұйымдастырылды.
     Форум нәтижесімен Баян Тастанбекова «Білім беру технологиялары бойынша хакатан» аталымы бойынша І орынға, Айгерім Сейтханова ІІ орынға ие болды. Гульмира Сахметова «VR/AR технологияларын қолдану бойынша ең үздік сабақ» аталымы бойынша ІІІ орыннан көрінді.


Күнтізбе

Мамыр 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
28 29 30 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.