6В06150 – «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және қауіпсіздік» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының мақсаты мен міндеттері

1. 6В06150 – «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және қауіпсіздік» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының мақсаты мен міндеттері

Білім беру бағдарламасының мақсаты: ақпараттық кеңістікті тұрақты дамыту үшін ресурстардың қорғалуын қамтамасыз ете отырып, ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді жобалауға, енгізуге, басқаруға қабілетті, еңбек нарығында Құзыретті, тұрақты IT мамандарды даярлау болып табылады.

Білім беру бағдарламасының міндеттері:

- қоғамда әлеуметтік-жауапкершіліктік тәртіпті қалыптастыру, кәсіби әдеп нормаларын түсіне білу және оны сақтау;

- бүкіл өмір бойы оқуды жалғастыруға мүмкіндік беретін, кәсіби мансапта кездесіп отыратын   барлық өзгермелі жағдайларға бейімделе алатын  базалық бакалавр дайындығын қамтамасыз ету;

- жалпы жоғары интеллектуалдық даму деңгейіне жету үшін жағдай жасауды,   сауатты, әрі жетік сөйлей білуді,  ойлау мәдениеті мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында еңбекті ғылыми ұйымдастыру дағдыларымен қамтамасыз ету;

-  интеллектуалдық, физикалық, рухани, эстетикалық жағынан дамуы, олардың мамандық бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін немесе келесі оқу деңгейлерінде оқуын жалғастыруларына жағдай жасау;

- іргелі білімді дайындық бағыты бойынша практикалық дағдылармен біріктіруге мүмкіндік беретін практикаға бағытталған, студентке бағдарланған оқыту.

1.2 Біліктілік және қызметтер тізімі

Осы білім бағдарламасы бойынша бітірген түлекке «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және қауіпсіздік мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры» дәрежесі тағайындалады.

6В06150 – «АКТ және Б» мамандығы бойынша бакалаврлар (ғылыми-зерттеу мекемелерінде, конструкторлық және жобалық ұйымдарда) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығымен бекітілген Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының Біліктілік анықтамалығының біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс өтіліне талаптар қойылмастан ақпаратты қорғау жөніндегі инженер, ақпараттық инфрақұрылымның негізгі жүйелерінде ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі маман, ақпаратты қорғау жөніндегі маман қызметтер атқара алады.

Сонымен қатар түлектер ҚР НКЗ-01-2017 сәйкес ақпараттық-коммуникациялық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік инженері, қауіпсіздік мәселелері жөніндегі маман, қауіпсіздік офицері, ақпараттық қауіпсіздік аудиторы, ақпаратты қорғау жөніндегі маман, деректерді шифрлаушы ретінде жұмыс істей алады. АТ саласына жататын сабақтар топтарының тізбесі (деңгейлерімен).

1.3 Білім беру бағдарламасын бітірген түлекке біліктілігі туралы сипаттама

1.3.1 Кәсіби қызмет саласы

Кәсіби қызмет саласы экономикалық қызметтің түрлі салаларында ақпараттық-коммуникациялық жүйелерінде есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлейтін, енгізетін, пайдаланатын мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдар болып табылады.

Бітірушілердің кәсіптік қызмет саласы қауіптер мен осалдықтарға арналған жүйелерді зерттеу, ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді әзірлеу, тестілеу, енгізу және қолдау болып табылады.

1.3.2 Кәсіби қызмет нысандары

АКТ және Б мамандығы бойынша бакалавриат бағдарламасын меңгерген бітірушілердің кәсіби қызметінің объектілері ақпараттық процестер, ақпаратты қауіпсіз өңдеудің және басқарудың компьютерлік жүйелері, технологиялар, жүйелер мен желілер, оларды аспаптық (бағдарламалық, техникалық, ұйымдастырушылық) қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздік контексінде ақпараттық - коммуникациялық жүйелерді жобалау, өндіру және пайдалану тәсілдері мен әдістері болып табылады.

1.3.3 Кәсіби қызмет пәндері

Бакалаврдың кәсіби қызметінің пәндері:

- есептеу машиналары, кешендері, жүйелері мен желілері;

- ақпаратты өңдеу және басқару үшін компьютерлік жүйелер;

- автоматтандырылған жобалау жүйелері;

- есептеу техниканың және ақпараттық жүйелердің бағдарламалық құралдары (бағдарламалар, бағдарламалық жасақтама және жүйелер). 

1.3.4 Кәсіби қызмет түрлері

6В06150 – Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және қауіпсіздік мамандығы бойынша бакалавр келесі кәсіби қызметті орындай алады:

- ақпараттық-коммуникациялық жүйелердің қауіпсіз бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптарды талдау, қауіптер мен осалдықтарды талдау;

- ақпараттық-коммуникациялық жүйелердің БҚ және аппараттық қамтамасыз етуін жобалау; 

- операциялық және ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді қауіпсіз пайдалану;

- ақпаратты қорғау міндеттерін бағдарламалық және аппараттық іске асыру; 

- жүйелер мен компьютерлік желілерді әкімшілендіру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 

- бағдарламалық жүйелерді тестілеу;

- жүйелерді қауіпсіз бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу, техникалық қолдау; 

- бағдарламалық модульдер мен бағдарламалық жасақтама компоненттерін біріктіру және оларды қорғау;

- АКТ қызметтерін коммерцияландыру. 

  1. БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

ОН1 Қазақстан Республикасының заңнамалық, нормативтік-құқықтық актілерін, халықаралық стандарттарды және ақпаратты қорғауды қамтамасыз етудің әдістемелік материалдарын, ақпараттық-коммуникациялық құрылымның негізгі жүйесінің негізгі элементтерін біледі және қолданады;

  1. Жаратылыстану-ғылыми, математикалық, әлеуметтік-экономикалық, инженерлік білімдерді көрсетеді және пәнаралық контексте ақпараттық жүйелерде, web-кеңістікте ақпаратты қабылдау, өңдеу және беру міндеттерін шешуді, теориялық және эксперименттік зерттеу дағдыларын қолданады;
  2. Әзірленген ақпараттық және кибер-жүйелердегі, ДБ, компьютерлік желілердегі үдерістерді жобалайды және жоспарлайды, теңдестірілген қорғаныс талаптарын талдайды;
  3. АКЖ жұмыс істеу талаптарын оның компоненттерінің құрылымы мен құрамын анықтайтын архитектураға сәтті түрлендіреді, оларды сипаттайды, кейінгі кодтау, енгізу, тестілеу, сүйемелдеу үшін олардың арасындағы интерфейстер;

ОН5 Стандарттарды, заманауи ОС және аппараттық құралдарды, бағдарламалау тілдерінің, криптографияның, желілік технологиялардың құралдарын таңдауды дәлелдей отырып, пәндік аймақтың қауіпсіздік саясатын анықтайды және қолдайды, АКЖ бағдарламалық жасақтамасын, мобильді құрылғыларды, веб-ортаны жүзеге асырады;

  1. Берілген функционалдық сипаттамаларда және ақпараттық-коммуникациялық жүйелердің сапа өлшемдеріне сәйкес ақпараттық, зияткерлік жүйелердің орнықтылығын, жұмысқа қабілеттілігін бағалау кезінде жұмыс процесін басқару дағдыларын көрсетеді;
  2. Қауіптердің алдын алу, деректерді зияткерлік талдау, желілік қауіпсіздік, ДБ, серверлерді, мобильді құрылғыларды қорғау схемаларын тиімді қолданады, осалдықтарды зерттеу және статистикалық ақпарат негізінде жұмыс орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
  3. АҚ процесін басқарады, БҚ компоненттерін интеграциялауды жүргізеді, деректердің құрылымын, жүйелердегі қорғау құралдарының баптауларын оңтайландырады, ақпараттық – коммуникациялық жүйелер мен желілердің жүйелік және қолданбалы БҚ бағдарламалау тілдерінде міндеттерді іске асырады;
  4. Қолданыстағы жүйелер мен бағдарламалық-техникалық құралдар процестерінің мониторингі нәтижелерін талдай отырып, жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, рұқсат етілмеген іс-қимылдардың алдын алу қағидаттарында қауіпсіздік шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
  5. Елде және шетелде техникалық барлау және ақпаратты қорғау саласындағы ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана отырып, деструктивті ақпараттық әсерлерден қорғаудың әдістері мен бағдарламалық-техникалық құралдарының даму перспективаларын айқындайды;
  6. Кәсіби орта мен қоғамда қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазбаша, ауызша, электрондық нысанда коммуникация құруға, жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және қорғау жүйелері бойынша арнайы құжаттама ресімдеуге қабілетті;
  7. Аналитикалық ойлау мен кәсіпкерлік қасиеттерді, жобалау мен іске асырудың барлық кезеңдерінде топ ішінде жұмыс істеу кезіндегі жауапкершілікті, жүйелік талдау негізінде стандартты емес міндеттерді шешу қабілетін, біліктілікті арттыруға ұмтылысты көрсетеді.

 


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.