6В06130 – «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының мақсаты мен міндеттері
- Парақтар kz
- Қаралды: 904
6В06130 – «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының мақсаты мен міндеттері
Білім беру бағдарламасының мақсаты: оқыту кезеңінде отандық ақпараттық кеңістікті дамытуға мүмкіндік беретін іргелі білімге негізделген ғылымның, өндірістің және технологияның өзекті бағыттары үшін еңбек нарығында тұрақты болып табылатын құзыретті, әлеуметтік-мобильді, көптілді IT-мамандарды даярлау.
Білім беру бағдарламасының міндеттері:
- қоғамда әлеуметтік-жауапкершіліктік тәртіпті қалыптастыру, кәсіби әдеп нормаларын түсіне білу және оны сақтау;
- бүкіл өмір бойы оқуды жалғастыруға мүмкіндік беретін, кәсіби мансапта кездесіп отыратын барлық өзгермелі жағдайларға бейімделе алатын базалық бакалавр дайындығын қамтамасыз ету;
- жалпы жоғары интеллектуалдық даму деңгейіне жету үшін жағдай жасауды, сауатты, әрі жетік сөйлей білуді, ойлау мәдениеті мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында еңбекті ғылыми ұйымдастыру дағдыларымен қамтамасыз ету;
- интеллектуалдық, физикалық, рухани, эстетикалық жағынан дамуы, олардың мамандық бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін немесе келесі оқу деңгейлерінде оқуын жалғастыруларына жағдай жасау.
1.2 Біліктілік және қызметтер тізімі
Осы білім бағдарламасы бойынша бітірген түлекке «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры» дәрежесі тағайындалады.
6В06130 – «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бакалаврлар (ғылыми-зерттеу мекемелерінде, конструкторлық және жобалық ұйымдарда) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2012 жылғы 21 мамырдағы №201-ө-м бұйрығымен бекітілген Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының Біліктілік анықтамасындағы біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс өтіліне талаптар қойылмастан бағдарламалық қамтамасыздандыру инженері, бағдарламашы, бағдарламалық қамсыздандыру жөніндегі маман, бағдарламалық жасақтама жобалаушы бастапқы қызметтер атқара алады.
1.3 Білім беру бағдарламасын бітірген түлекке біліктілігі туралы сипаттама
1.3.1 Кәсіби қызмет саласы
Кәсіби қызмет саласы экономикалық қызметтің түрлі салаларында ақпараттық-коммуникациялық жүйелерінде есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлейтін, енгізетін, пайдаланатын мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдар болып табылады.
Бітірушілердің кәсіптік қызмет саласы ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді зерттеу, әзірлеу, тестілеу, енгізу және қолдау болып табылады.
1.3.2 Кәсіби қызмет нысандары
Бітіруші түлектердің кәсіби қызмет нысаны ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, ақпараттық процестер, ақпаратты өңдеу және басқарудың компьютерлік жүйелері, жүйелер мен желілер, олардың аспаптық (бағдарламалық, техникалық, ұйымдастырушылық) бағдарламалық қамтамасыз етуі, ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді жобалау, құрастыру және пайдалану әдістері болып табылады.
1.3.3 Кәсіби қызмет пәндері
Бакалаврдың кәсіби қызметінің пәндері:
- есептеу машиналары, кешендері, жүйелері мен желілері;
- ақпаратты өңдеу және басқару үшін компьютерлік жүйелер;
- автоматтандырылған жобалау жүйелері;
- есептеу техниканың және ақпараттық жүйелердің бағдарламалық құралдары (бағдарламалар, бағдарламалық жасақтама және жүйелер).
1.3.4 Кәсіби қызмет түрлері
6В06130 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша бакалавр келесі кәсіби қызметті орындай алады:
- ақпараттық-коммуникациялық жүйелердің бағдарламалық қамтамасыздандыруына талаптарды талдау;
- ақпараттық-коммуникациялық жүйелердің бағдарламалық мен аппараттық қамтамасыздандыруын жобалау;
- операциялық және ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді пайдалану;
- құрастыру жүйелерінің міндеттерін бағдарламалық жүзеге асыру;
- жүйелер мен компьютерлік желілерді басқару;
- бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу;
- бағдарламалық қамтамасыз етуді техникалық сүйемелдеу, техникалық қолдау;
- бағдарламалық модульдер мен бағдарламалық компоненттерді интеграциялау;
- бағдарламалық- аппараттық қорғауды қамтамасыз ету;
- АКТ қызметтерін коммерцияландыру.
2. БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ
- Кәсіби ортада және социумда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сұхбаттаса алу.
ОН2 Кәсіби қызметінде жаратылыстану-ғылыми, математикалық, қоғамдық, әлеуметтік- экономикалық және инженерлік білімдерін көрсете білу, теориялық және тәжірибелік зерттеулердің мәліметтерін, нормативтік құжаттар мен экономикалық талдау элементтерін математикалық өңдеу әдістерін көрсету.
ОН3 Ақпараттық-коммуникациялық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүйе, компьютерлік желілер үшін программалық және аппараттық процестерді жобалауға сыни талдау жүргізу және талап қою, сондай-ақ жобалау-пайдалану құжаттарын әзірлеу;
ОН4 Базалық стандарттарды, принциптерді және жобалық үлгілерді, әдістерді, бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуге арналған бағдарламалау құралдарын таңдау, экономикалық және математикалық әдістерді, заманауи компьютерлік техниканы жүйелік талдау негізінде бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдауды негіздеу;
- Бағдарламалық қамтамасыз етудің талаптарын бағдарламалық жасақтаманың құрылымын анықтайтын архитектураға және оның компоненттерінің құрамын анықтайтын, олардың арасындағы осы компоненттер мен интерфейстерді, оларды кейінгі бағдарламалау тілдерінде кодтау және тестілеуді сипаттайтын етіп көрсету мүмкіндігін көрсетеді;
- Оңтайлылық қағидаттарына, бағдарламалық жасақтама интерфейстерін, дерекқор схемаларын әзірлеуге арналған әдістемелер мен құралдарды, мәліметтерді және есептеу процестерін ұйымдастыру мен құрылымдауды, ақпарат пен желілік қауіпсіздіктің принциптерін қолданады;
- Алгоритмдерді, қазіргі заманғы программалау тілдерінің құралдарын, әртүрлі орталарда объектілі бағдарламалау тілдерін құрастыру және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу процесінің мультимедиялық (көп міндетті) іске асыру ерекшеліктерін, интеллектуалды жүйелердің жұмыс істеу қағидаларын және функционалдығын жасау әдістерін біледі;
- Оңтайлы деректер құрылымдары, әзірлеу құралдарының параметрлері, программалау тілдеріндегі тапсырмаларды орындау негізінде кодты жазудың (бағдарламалаудың) процесін басқарады және бастапқы кодты тестілеу және түзетуді, ақпараттық-коммуникациялық жүйелер мен желілерді жүйені, бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыруды көрсетеді;
- Бағдарламалық қамтамасыздандыру модулдерін құрастыру және деректерді түрлендіру (айырбастау) процедураларына негізделіп бағдарламалық жасақтаманың компоненттерін интеграциялауды жүзеге асырады, қажетті сапа критерийлеріне сәйкестігі үшін бағдарламалық жасақтаманың бағдарламалық кодын бағалау жүргізеді;
- Бағдарламалармен жұмыс істеу бойынша нұсқаулықтарды әзірлеуге, бағдарламалық жасақтама интерфейстері мен деректер қорларына қажетті құжаттарды жобалауға және дайын бағдарламалық өнімдерді бейімдеуді қолдана отырып, қолдану мүмкіндігін анықтайды;
- Шығармашылық ойлауды, ұйымдастырушылық және кәсіпкерлік дағдыларды, жобалау мен іске асырудың барлық кезеңдерінде командалық жұмыс дағдыларын көрсетеді және логикалық, жүйелі және дәйекті тәсілдерді қолдану арқылы мәселелерді шешеді.