Жаңалықтар
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2019 жылды Қазақстан Республикасында Жастар жылы деп жариялап, үкіметке бизнес және ұлттық компаниялармен бірлесе отырып,жастар кәсіпкерлігін қолдау бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Тапсырмаға сәйкес елімізде жастар кәсіпкерлігінің түрлі салаларын дамыту, жастарды ынталандыру және қолдау бойынша көлемді жұмыстар жүргізілуде.
Британдық кәсіпкер Ричард Бренсон: «Адамдардың көпшілігі жақсы өмір сүреді және жағдайына риза. Бірақ егер де сіз өміріңіздің белсенді және қызықты болуын қаласаңыз, кәсіпкер болуға тырысыңыз. Өз бизнесіңізді құру өнерін үйреніңіз. Бұл өнерді үйрену, қателіктер жіберіп, олардан сабақ алумен бірдей, - деген.
Жоғарыда аталған мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ағымдағы жылда ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, мектептің жоғары сыныптары және жоғары оқу орындарының студенттері үшін кәсіпкерлік негіздерін үйрету бойынша курстар ұйымдастырды. Аталған курстар біздің М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде де ұйымдастырылып, арнайы дайындалған профессор-оқытушылар жоғары курс студенттеріне кәсіпкерлік негіздері бойынша дәріс оқыды.
«Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің оқытушылары Исмаилов Х.Б. және Батырбеков А.А. университетте өткізілген «Кәсіпкерлік негіздері» курсына қатысып, алған білімдері негізінде жоғары мектептің 3 курс студенттеріне қараша айының 06-23 аралығында тренинг сабақтарын жүргізді. Тренинг барысында студенттерге кәсіпкерлік негіздері, бизнестің түрлері, бизнес-жоспар жасау және несие не грант алуға өтінімдер дайындау бойынша мәліметтер берілді. Тренинг сабақтарына студенттер өте белсенді және қызығушылықпен қатысты және өздерінің бизнес-идеяларын ортаға салды.
Алынған білімдер студенттерге өз кәсібінің маманы болуымен бірге, өз бизнесін ашуға мүмкіндік береді деген ойдамыз.