Жаңалықтар
2019 жылдың 17 сәуірінде "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" кафедрасының оқытушылары мен студенттері №3 студенттер жатақханасында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры"атты мақаласына арналған әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырды. Елбасы айтқан идеялардың терең мазмұны мен жаңалығының арқасында Қазақстан қоғамында, әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында осы жұмысқа көптеген пікірлер жазылды.
ЕТжБҚ кафедрасының студенттері мен ОПҚ де өз үлесін қосу мақсатында аталмыш іс-шараны ұйымдастырды. Іс-шарада студенттер өз шығармаларынан баяндамалар, өлеңдер мен проза, монологтар оқып, сахналық көріністер көрсетіп, домбырада ойнап, қазақтың ұлттық билерін орындалды. Музыкалық кеште ЕТжБҚ кафедрасының меңгерушісі С. Т. Ахметова сөз сөйледі. Кеш жоғары шығармашылық және көңілді нотада өтті.