Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша семинар-тренинг

                  2019 жылы 17 сәуірде №3 студенттер жатақханасында "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" кафедрасының ПОҚ және студенттері отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша семинар-тренингке қатысты. Семинарда отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша Шымкент қаласы Қаратау ауданының инспекторы Тойшиева Бибинур Турдиевна, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының психологы Маметова Гүлмира Тағайбайқызы, сондай-ақ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің психологиялық көмек көрсету орталығының бас маманы Байрова Айзат Дүйсенбайқызы сөз сөйледі.

               Семинар біздің қоғамның ең өзекті мәселелерін бірі - отбасылық зорлық-зомбылық мәселесіне арналған. Ол балаларды құқықтық тәрбиелеуде кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға және педагогтар мен студенттерді балаларды тәрбиелеудің оң стратегиясымен таныстыруға бағытталған. Баяндамашы Б. Т. Тойшиева мынадай сандарды келтірді: ҚР Бас прокуратурасының мәліметтері бойынша, Қазақстанда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық статистикасы өсті. 2016 жылы отбасындағы қылмыстық құқық бұзушылық 2,8% - ға өсті, 2017 жылы 4,7% - ға өсті. 2015 жылмен салыстырғанда әйелдер мен балаларға қатысты қылмыс 90% - ға өсті! Осылайша, отбасыда және қоғамда физикалық жазалау мен зорлық-зомбылық тәрбиелеудің барынша қолжетімді құралы болып табылады.

Психолог Г. Т. Маметова жиналғандарға психологиялық қорқыныш пен нервоздықты жеңу бойынша жаттығулар кешенін көрсетті.

Психолог А. Д. Байрова әрбір студент қандай да бір психологиялық мәселелер болған жағдайда ОҚМУ психологиялық көмек көрсету орталығына жүгіне алатынын айтты.

Семинар-тренинг қызықты өтті және барлық қатысушылар үшін пайдалы болды.

 


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.