Жоғары білім беру жүйесін реформалау аясында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру

31.01.2019 ж. сағат 20:00-де №3 жатақхана студенттермен кездесу өтті. Студенттер түрлі мамандықтар бойынша 1-4 курс жиналды. Кездесуді «Энергетика және Дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы т.ғ.д. Бердалиева А.А. өткізді.

Ғылым мен техникада ашылған қызықты жаңалықтары туралы айтылды, біз өте қызықты мүмкіндіктер уақытында өмір сүріп жатырмыз, өзімізге кызық мәселелермен айналысып, сол саланы тереңнен зерттеп, қызықты қорытындылар жасауға болады, тіпті жаңалықтар аша отырып, өзіміз таңдаған мамандықтың ғылыми аумағына өз улесімізді қоса аламыз.

Әрбір кафедра ғылыми студенттік қоғам бар. 1-ші курстың оқу кезеңінде сіз ғылыми зерттеу тақырыбын, ғылыми жетекшісін таңдай аласыз және оны оқу аяқталғанға дейін оқып, мақалаларыңызды тек университет басылымдарында ғана емес, сонымен қатар ұлттық және халықаралық журналдарда жариялауға болады. Университетте ғылыми зерттеулер жүргізу үшін барлық жағдайлар бар, ғылыми ақпаратқа қол жеткізу үшін зертханалар бар: кітапқа бай кітапхана, халықаралық ғылыми деректер базасымен Интернетте жұмыс істеу мүмкіндігі бар оқу залы жұмыс жасауда.

Ғылыми жобалардың нәтижелері жыл сайын жоғары оқу орындары мен университеттер деңгейінде өткізілетін студенттік конференцияларда талқыланады. Конференция қорытындысы бойынша ең үздік ғылыми жұмыстар студенттік жұмыстардың республикалық конкурстарына қатысады. Құрметті студенттер, студенттік ғылыми жұмыстарға қатысып, қызықты ғылым әлеміне, кәсібіне, магистратураға қабылдануына және өмірдегі көптеген жетістіктерге қатысуға ұмтылыңыз.


Күнтізбе

Мамыр 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.