Жаңалықтар
Бұл мақала білім саласын өркендетуге өз үлесін қарыштап қосып келе жатқан, Оңтүстік өңіріндегі бірегей оқу орны М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ға биыл 75 жыл толуына арналған. Бұл атаулы мерекеге қарсы білім ордасының және ондағы салалардың атқарып жатқан еңбектері, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын басшылыққа ала отырып баяндалады. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті республикамыздың жоғары білім беру саласының ең жарқын брендтерінің бірі болып табылады.
Президенттің Жолдауында елімізде үлкен экономикалық және технологиялық дүмпу болуы тиістігі баса айтылады. Ал ол үшін, ең алдымен, IT саласына басымдық беру керек дейді. Осы ретте аталмыш оқу орнындағы IT саласы мамандарын дайындап келе жатқан «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебіне кеңірек тоқталып, ондағы «Ақпараттық жүйелер және моделдеу» кафедрасының осы бағдарламаны жүзеге асыруға қосып жатқан өз үлестері туралы толығырақ айтылған.