Жаңалықтар
Қарашаның 19 мен 20 аралығында «Ақпараттық технологиялар және энергетики» жоғары мектебінде «Нұрлы жол бағдарламасы аясында білім және ғылым» атты тақырыпта кезекті студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті. «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер » секциясы бойынша 21 ғылыми баяндама тыңдалды. Оның ішінде 7 ғылыми жұмыс үздік деп танылды.
Атап өтетін нәрсе – студенттердің ғылыми баяндамаларында дәстүрлі емес энергетика сұрақтары, альтернативті энергетикадағы жоғары технологиялар, энергия үнемдеу, компьютерлік модельдеу және робототехника мәселелері қарастырылған.
Конференцияның мақсаты энергетика саласының әртүрлі сұрақтарын басқа жоғары оқу орны студенттерімен онлайн режимдегі видеоконференцияда талдау болып табылады.