Жаңалықтар
«Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасында тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 19.11.2015 күні сағат 10-40-та 504Г аудиториясында ИП-14-4к1, ИП -14-4к2 топтарының ұйымдаструымен (тәлімгерлері Апсеметова А. , Муратова К.) «Заңды білу - заман талабы» тақырыбында ашық тәлімгер сағаты өткізілді. Ашық тәлімгер сағатына Университеттің тәлімгерлер кеңесінің аға тәлімгері Бейсембай С., «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің аға тәлімгерінің қызметін атқарушы Куленова Э.Т., кафедраның аға тәлімгері Кулмаханова И. және басқалары шақырылды.
«Юристпруденция және халықаралық қатнастар» факультетінің аға кураторы Ибраев Жандос арнайы шақырылды. Ол студенттерге ҚР заңнамаларында пайдаланылатын негізгі терминдерді түсіндірді, ҚР заңдары мен қаулыларындағы жаңа өзгерістер туралы әңгімеледі, сондай-ақ студенттерді қызықтыратын сұрақтарға жауап берді.
Ашық сабақ соңында Бейсембай С. сөз алды, ол жастарға рухани-өнегелі тәрбие берудің актуальдылығына тоқталды және ашық тәлімгер сағаттары тұлғаның рухани баюын ечселей түсетінін атап өтті.