Автоматтандыру, телекоммуникация және басқару
- Страницы ru
- Просмотров: 4369
Кафедра меңгерушісі
Мусабеков Ахметбек Ахылбекұлы,
Техника ғылымдарының кандидаты, доцент
Мекен-жайы: Шымкент қ., 486018, Тәуке хан даңғ., 5, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, «4» корпусы, 3 қабат.
Телефоны:8(7252)-301412
Түзету әрекеттерінің жоспары (бакалавр)
Түзету әрекеттерінің жоспары (магистратура)
Бакалавриат бағдарламасының білім беру бағдарламасының мақсаттары мен нәтижелері
Магистратура бағдарламасының мақсаттары мен нәтижелері
Элективті пәндер каталогы мамандық 6В07110 Автоматтандыру және басқару
Элективті пәндер каталогы мамандық 7М07110 Автоматтандыру және басқару (Магистратура)
Элективті пәндер каталогы мамандық 6В06210 Радиотехника электроника және телекоммуникациялар
Модульді оқыту бағдарламасы мамандық 6B07110 Автоматтандыру және басқару
Модульді оқыту бағдарламасы мамандық 7М07110 Автоматтандыру және басқару (Магистратура)
Модульді оқыту бағдарламасы мамандық 6В06210 Радиотехника электроника және телекоммуникациялар
Түлектерді жұмысқа орналастыру
Қазіргі уақыттағы талаптарға сай автоматтандыру, электроника және байланыспен қамтамасыздандыру, Қазақстанның өндіріс және автоматика дамуы барысында аймақтарда жоғары дәрежелі мамандарды дайындау мәселесі бірінші орында тұрды.
Республиканың әсіресе Оңтустік аймақтарында осы мамандықтар жеткіліксіз, себебі ақпараттарды және мәліметтерді жіберу, өңдеу жүйелерімен және компьютерлік техникалармен қамтамасыздандырылған мекемелер, өндіріс пен шағын кәсіпорындар жоғары жылдамдықпен өсіп жатыр.
«Автоматтандыру, телекоммуникациялау және басқару» кафедрасы Қазақстан Республикасының ірі жоғары оқу орындардың ішіндегі М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университентінің (бұрынғы КазХТИ) алғашқы кафедралардың бірі. ҚазХТИ-дың технологиялық процестерді автоматтандыру мен өндіріс бойынша 1967 жылы алғаш рет мамандар шығарылды. Бүгінде «Автоматтандыру, телекомуникация және басқару» кафедрасы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың ірі әрі дамушы кафедраларының бірі болып табылады. Түлектердің бір бөлігі өз өмірлерін ғылыми-зерттеу жұмысына арнап, 8 докторлық және 35-тен астам кандидаттық жұмысты қорғап шықты.
Кафедра 6В07110 – «АВТОМАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ» мамандығы бойынша технологиялық процестер мен өндірісті автоматтандыру жүйесін жобалау және жасаумен, технологиялық процестерді математикалық модельдеу және синтездеумен, телекоммуникациялық және байланыс жүйесін жасаумен және зерттеумен айналысады. Автоматтандырылған басқару жүйелері және өндірістерді басқару жүйелерін ақпараттандыру, автоматтандыру жүйелерін жобалау кәсіпорындарында, бақылау-өлшеу құралдары мен микропроцессорлік техникамен қызмет атқаратын автоматтандыру бакалавр мамандарын дайындайды.
Кафедра, сонымен қатар 6B06210 – «РАДИОТЕХНИКА, ЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР» мамандығы бойынша радиотехника, автоматтандырылған байланыс, кең профильді мобильді байланыс инженері; электронды жүйелерде қызмет көрсететін электронщик; телекоммуникация (телефонды және радио байланыс, теледидар) салаларында жұмыс істейтін бакалавр мамандарын дайындайды.
Осы мамандықтарда оқитын студенттер төмендегідей мамандықтарынан, мысалға: электроника, есептеу мен микропроцессрлік техника, программалармен ақпараттарды дербес компьютерлерде автоматты түрде ақпараттарды өңдеу, жасанды интеллект жүйесі мен басқару, робототехника, автоматты жобалау, техникалық кибернетикадағы автоматты электржетегі және т.б.
Бітіріп шыққан студенттер терең білім алады. Алған мамандықтары бойынша мемлекеттік комерциялық кәсіпорындарында, компьютер қолданатын жерлерде, программалау мен өндірістерді, кәсіпорындарды тиімді басқару мәселерімен шұғылданады.
Көптеген осы мамандықты бітіріп шыққан студенттерді автоматты жобалау жүйелерінде, электр қондырғыларын жөндеу орындарында, процестерді басқару үшін керекті өлшеу құралдарымен басқару машиналарына керекті программалар жазу мен жөндеуде қызмет жасауда.
Сонымен қатар дипломанттар ірі өндіріс орындарының дәрежелі қызметінен бастап мемлекеттік, коммерциялық банктер мен кедендерде, пошталарда, зейнетақы төлеу, ғылыми-зерттеу институтар мен жоғары оқу орындарында білікті мамандар дайындайтының көруге болады.
Осы мамандықтарды игерген көптеген кафедра түлектері өндіріс орындары (ПКОП ЖШС, САРЫАҒАШ ЖШС және т.б.) мен кәсіпорындарда, , Қазақстан Республикасының президенті аппаратында, сенатта, үкіметтегі жетекші қызметтерінде, парламент мәжілісінде, әкімшілікті, оқу орындарында, қорғаныс министрлігінде жоғары деңгейдегі қызметкерлер, банк құрылымдарында ҰҚК, І І Б, МАИ, телефон байланысы радио және теледидар жүйелерінде, жеке кәсіпорындарында, көлік саласында және компьютерлік, өлшеу, тұрмыстық техникаларын, телерадио аппаратурасын жабдықтау , сату, қызмет және жөндеу мен талшықты – оптикалық байланыс желілерін пайдалану және т.б. салаларда жұмысқа орналасып, саналы жұмыс жасауға мүмкіншілік береді.
Халықаралық байланыстар
Бүгінгі таңда кафедрада жоғары біліктілікті, ғылым дәрежесі және атақтары бар оқытушылар жұмыс істейді және ғылыми – ізденістегі негізгі, қолданбалы, жұмыстар аспиранттар және стажерлар дайындауда елеулі істер атқарылуда. Кафедра қазақ ұлттың техникалық университетімен Д.И. Менделеев атындағы РХТУ, М.В. Ломоносов атындағы ХМУ-ның акустика кафедрасымен, Германиядағы техникалық акустика, Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық университеті, (Санкт-Петербург қ.); Иваново мемлекеттік химиялық-технологиялық (Иваново қ.); Bauhaus-Universität Weimar, Fakultät Bauingenieurwesen (Германия); ''Физика-Солнце'' РОМ ҒА материалтану институтымен және т.б. оқу және ғылым ұйымдарымен тығыз ғылыми байланыста.
Кафедрада қазіргі заманғы компьютерлік техникамен жабдықталған электротехника және электрожабдықтау, технологиялық процестерді автоматтандыру бағыттарындағы арнайы оқу лабораториялары желісінде оқу процессі және студенттердің ғылыми-ізденіс жұмысатарын тиімді атқару көзделген.
Басқару жүйелері, есептеу техникасы, робототехника, электржабдықтау саласындағы қазіргі заманғы ақпаратты технология және жүйелеріндегі білімдері және іс-тәжірибелері қалыптасқан мамандар арқасында әмбебап жүйелерді дамыту – Бұл Қазақстан экономикасының келешегі!
Құрметті талапкер!
Біздің мамандықты таңдай отырып Сіз дұрыс таңдау жасадым деп сеніңіз. Бұл шешім Сіздің жоғары білімді, болашағы сенімді маман болып шығуыныздың кепілі!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Золотой фазан жарысынан ИП -20-5К1 студенті Керимбай Нурболат 1 орынды алды