«Нашақорлық - індет, оны жою - міндет"

М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Ақпараттық технологиялар және Энергетика» жоғары мектебінің «Ақпараттық жүйелер және модельдеу"кафедрасының  1-курс ИП-19-3кс, ИП-19-ЗкЗ,  ИП-19-8к, ИП-18-3к1, ИП-17-Зк1 топтары студенттері, тәлімгерлері:

Усенова А.Ж , Ботаева С.Б, Аманбаев Т.Р, Изтаев Ж.Д., Тағай Г.Қ. ұйымдастыруымен №3-жатақханада «Нашақорлық - індет, оны жою - міндет" атты тәлімгерлік тәрбие сағаты өткізілді.

Нашақорлық бұл адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселесі айқын халықаралық сипатқа ие және бұл мәселенің шешілуі біздің мемлекетіміз үшін де маңызды.

Тәлімгерлік сағаттың мақсаты: адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып саналыққа, салауатты өмірді таңдауға тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу. Есірткі жайлы кеңінен мағлұмат бере отырып, Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, тазалыққа, денсаулыққа, баулу

Көрнекілігі: студенттердің қатысуымен көрініс интерактивті тақта, плакат, интернет желісі түрлі түсті суреттер

Адам денсаулығы – қоғам байлығы, әрбір адам өз денсаулығының мықты болуы жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның еңбекке әрқашанда құлшыныспен кіріседі. Ұлтымыздың болашағына қауіп төндіріп отырған наша, арақ, темекінің келтірер зияны ұшан теңіз.

Қазақпын мен жетті жұтты өткерген,

Аман - есен өтіп келген өткелден.

Нашақорлықтан,сақ болайық,

Дүниені орап келер беткейден.

Обасы ол ХХІ ғасырдың

Айырмаған досың менен қасың кім?

Мың - миллиондап жеп келеді жегіқұрт,

Қиылуда қыршынынан жасыл гүл.

Солардың бірі – сол құрдымға бастаған,

Маскүнемдік, нашақорлық теңеу барма басқа оған.

 

Есірткі - бұл адамның көңіл - күйін, сана - сезімін, мінез - құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат.

Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге жетеді.

Сондықтан да өмірлеріміздегі ең жарқын жастық шақтарыңда дендеріңнің саулығына бүгіннен бастап қамқор жасаңдар. Жастық шақтың тамырына балта шабылмасын.

Өзіміздің өмір сүріп отырған ортада өмірімізге қауіпті есірткі сияқты зиянды заттарға әуес болмайық. ХХІ ғасырдың азаматтары ғаламдық дертке жол бермейік. Ертеңгі жарқын болашақ біздің қолымызда. Біздің болашақ өміріміздің жалғасы, тірегі сендерсіңдер! Қазақстанның дені сау, парасатты, мәдениетті, сауатты еңбекқор адал ұлдары мен қыздары болып өсіңдер

            


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.