Жаңалықтар
ҚР Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қоғам тіршілігінің барлық саласын қамтыды. Қоғамдық сананы жаңғыртуды мақсат еткен идея, игі бастамаға биыл 2 жыл толып отыр. Осы орайда, 2019 жылдың 10 сәуірінде «АТжЭ» ЖМ – де Түркістан облысы маслихатының депутаты, т.ғ.д., профессор Л.Т.Ташимов, Жобалық кеңсенің басшысы, т.ғ.к., доцент Г.А.Жанысбекова, «АТжЭ» ЖМ деканы, ф.-м.ғ.к., доцент Ғ.Ә.Бесбаев, ЖМ кафедра меңгерушілері, профессор – оқытушы құрамы және студенттердің қатысуымен университетімізде «Рухани жаңғыруға – 2 жыл» атты дәріс сабағы өтілді. Дәріс сабақта, 2 жыл ішінде өткізілген іс-шаралар, ауқымды жұмыстар атқарылғанын таныстырып және алдағы уақытта қандай жоспарлар бар екенін ЖМ деканы Ғ.Ә.Бесбаев атап айтты. Сонымен қатар, ЖМ ұжымы және студенттер, қонақтарға өздерінің сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті. Бұл сұрақтарға Түркістан облысы маслихатының депутаты, т.ғ.д., профессор Л.Т.Ташимов өз ойымен ашық жарқын бөлісті. Жобалық кеңсенің басшысы, т.ғ.к., доцент Г.А.Жанысбекова «АТжЭ» ЖМ-нің ұжымына, студенттерге қазақ қоғамының санасын жаңғырту қызметін онан әрі табысты атқара беруіне сеніммен қарап, сәттілік тіледі. Сөз соңында, «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының аға оқытушысы Ж.У.Нышанбаева,Түркістан облысы маслихатының депутаты Л.Т.Ташимов мырзадан «АТжЭ» ЖМ ұжымына және өсіп келе жатқан жаңа ұрпаққа жақсылап тұрып, «Бата» беруін ұсынды. Дәріс сабақ өте қызық, әрі көңілді өтті!