Жаңалықтар
19.11.2014ж. «ЭжДЭЖ» кафедрасының бірінші курс студенттері «Дін және конфессияаралық келісім» атты тақырыпта ашық тәлімгер сағатын ұйымдастырды. ИП-14-4к1 и ИП-14-4к2 тобы студенттерінің өтініші бойынша тәлімгер сағатына Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасының «Әлеуметтік бастама орталығынан» маман - теолог шақырылды.
Кездесуде теолог конфессияаралық келісім туралы баяндама оқыды, негізгі дін ағымдары туралы түсіндірді, сондай-ақ студенттердің көптеген сұрағына жауап берді. Теологпен әңгімелесу өте қызықты өтті, студенттер дін ағымдары туралы көп мәліметтер білді.