Үштілдік – қоғам талабы

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс» деген болатын. Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақтың, жастардың алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр. Осы Жолдауды жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың 17 қазанында  М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың  №3 студенттер жатақханасында «Үштілдік – қоғам талабы» атты тақырыпта әңгіме жұмыстары студенттердің қатысуымен өткізілді. Іс-шараны «Техникалық мамандықтар бойынша шет тілдері» кафедрасының  аға оқытушысы Айтбекова Ж.Н. және оқытушы Қошқарова Г.Ә  жүргізді. Әңгіме барысында  Үштілділіктің маңызын түсіне білген жанның еліміз үшін болашақтағы алары да, берері де мол екендігін студенттерге жете тусіндіріп,  ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керектігін және қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашатындығы туралы ауқымды мәселелер айтылды.
Осынау мүмкіндіктерді игеру мақсатында бүгінгі білім ордалары үштілділікті енгізудің, оны тиімді жүргізудің тың жолдарынан ізденіс табуда. 2050 жылы қазақстандықтардың- үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы болатынына сеніміміз зор.


Күнтізбе

Қараша 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.