Жаңалықтар
22.11.2018ж. «Ақпарттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің ПОҚ мен студенттері Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылады. Жиынға Университет аға тәлімгері Бейсенов С., Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының маманы Е.Амирхан қатысты. Мақала «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының компоненттерінің бірі болып табылады. Мақалада қазақ халқының дамуы бойынша ең айқын кезендері келтірілген, яғни: атқа міну мәдениеті, ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилі, алтын адам, түркі әлемнің бесігі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстан – алма мен қызғалдақ отаны. Сонымен бірге, қазақ даласы – әлемге әйгілі және әліге дейін еңбектерінің өзектілігін жоғалтпаған ұлы адамдардың отаны екенін ұмытпауымыз керек. Өз тарихын ұмытпаған, бағалайтын, мақтан тұтатын халықтын болашағы зор. Студенттер баянадамаға қызығушылық білдіріп сұрақтар қойды.