Жаңалықтар
1қазан «Қарттар күнін» тойлау мерекесіне орай «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Р.А.Медетбекованың ПИК-17-3к2 тобы «Қазыналы қарттарым» атты тақырыпта қаладағы қарттар үйіне барды. Ол жақтағы қарттармен кездесіп, өнер факультетінің студенттері өздерінің бар өнерлерін көрсетті. Өнер көрсетіп тұрған студенттерді көріп әр қарияның көзінен «менің де немерем осындай шығар», «шіркін, немеремді бір марқайып құшақтап сүйсем ғой» деген ыстық сезімдер от болып жанып тұр. Ей, адамзат! Қолымыздағы алтынымыздың, байлықпен есептеуге еш келмейтін байлығымыздың қадірін біліп, барына шүкіршілік қылайық.