Жаңалықтар
«Рухани жаңғыру – халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар» тақырыбында ИП-18-6кс тобында тәлімгерлік сағат өтті. Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" ұлттық идеясын болашақ ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында өтілген бұл тәрбие сағаты студенттер бойында патриоттық рухты дамытып, туған елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін арттырады. Тәрбие сағатында рухани жаңғырудың басты бағыттары жайлы мәліметтер берілді. Студенттер де өз көзқарастарын айтып өтті. Студенттер рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін түсінді.
powered by social2s