Жаңалықтар
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан—2050» стратегиясын жариялаған Жолдауында алғаш рет елімізді «Қазақ елі» деп атау туралы ойын ашық түрде жария еткен болатын. «Қазақстан» атауындағы «стан» сөзі парсы тілінен аударғанда «кіші уәлаят», яғни «Қазақ кіші уәлаят республикасы» деген сияқты болып естіледі, «Қазақ елі» деп өзгерту мәселесін қарастыру керек, бірақ алдымен міндетті түрде «халықтың талқысына салынғаны жөн» деген еді. 15.03.2014 жылы №3 жатақханада «Ақпараттық техналогиялар» факультеті, «Математикалық тәсілдер және моделдеу» кафедрасының бірінші курс студенттері мен тәлімгерлері «Қазақстанның—Қазақ елі атануын қолдау» атты тәрбие сағатын ұйымдастырып өткізді.