Жаңалықтар
«Сен өзің ойлағаннан мықтысың, Оят өзіңді!»
«Ақпараттық жүйелер және моделдеу» кафедрасының студенттеріне «Студенттерге психологиялық көмек көрсету» орталығының ұйымдастыруымен «Сен өзің ойлағаннан мықтысың, Оят өзіңді!» тақырыбында семинар - тренинг өткізілді. Орталық маманы Төлеген Жандаулет студенттермен бірлескен диалог құра отырып, психологиялық қызықты, сүйікті кітаптары жайлы өз ойларын ортаға салды. Семинар барысында студенттердің көпшілігі практикалық психология, адамның өзінің психологиялық портретін жасауға көмектесетін әдебиеттерді және киноларды көп көретіндерін баяндады. Семинар қызықты өтті.