Жаңалықтар
18.01.18ж. 122В ғимаратында «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің профессор-оқытушылар құрамымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында жиын болып өтті.
Жоғары мектеп деканы Ғ.Ә.Бесбаев Елбасының биылғы халыққа арнаған Жолдауының маңыздылығын айтып, кеңінен түсіндірді. Жиын барысында «Қазақстан тарихы» кафедрасының т.ғ.к., аға оқытушы Тілеуқұлов Г. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында айтылған 10 бағыт бойынша міндеттерді түсіндіру мақсатында баяндама жасады.