Жаңалықтар
«Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасы студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмысы
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 245
«Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасы студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмысы
Қарашаның 23- 24 аралығында «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебі деңгейінде жылсайынғы өтетін «Болашаққа жол: қоғамдық сананы жаңғырту» тақырыбында студенттердің ғылыми- практикалық конференциясы өткізілді.
«Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасында аталған конференция 23 қараша күні «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің деканының қатысумен өтті. Конференция барысында 16 баяндама тыңдалды және төмендегі мәселелер қарастырылды:
1. Заманауй энергия үнемдейтін технологияларды қолдана отырып, альтернативті энергия көздерін игерудегі жаңа әдістер
2. Электр энергиясын тарату және тасымалдаудағы энергия тиімділігін арттыру және оңтайландыру
ИП-15-4р тобының студенттерінің қолымен «Мәжбүрлеп жел ағынын құру құрылғысының макетін» жасауы конференцияның ерекшелігі болды. Аталған макеттің ғылыми жаңалығы мен практикалық мәні, геотермальдық көздердің жылуын ауа ағынына түрлердіру мүмкіндігін зерттеу болып табылады, атмосфералық ортада ауа ағынын алған соң электр энергиясын алуға болады.
Конференция соңында ең жақсы баяндама иелері бағалы сыйлықтар мен мақтау грамотасымен марапатталды.