Жаңалықтар
Біздің магистранттар «XIX Бүкіләлемдік жастар мен студенттер фестивалінде»
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 222
6М071800 Электроэнергетика мамандығы бойынша 2 курста оқитын, екі дипломдық білім бағдарламасы бойынша Мәскеу энергетика университетінде оқитын Ергешов Акимжан қазан айының 13 мен 23 аралығында Сочи қаласында өткен «XIX Бүкіләлемдік жастар мен студенттер фестиваліне» қатысты.
Ол XIX Бүкіләлемдік жастар мен студенттер фестивалі шеңберінде өткізілген «БОЛАШАҚ ИНДУСТРИЯСЫ» атты ғылыми-білім беру бағдарламасына қатысты. «Орбитальды космостық лазерлік станция» жобасымен қатысты. Баяндамамен сөз сәйлеу нәтижесі бойынша МК «РосАтом» және ӨАҚ «РусГидро» арнайы жүлдесіне ие болды.
Акимжан фестиваль туралы әсерлерімен бөлісті.
Әлемнің барлық түкпір-түкпірінен жиналған ғылыми қызметкерлер қатысқан мынадай:
- Питч-сессия «Болашақ келбеті»;
- Ғылым мен глобальды білім беру болашағы;
- Болашақ тренді: алдымызда не тұр;
- «Жас дипломаттардың 1 глобальдық форумының ашылуы» панельдік пікір-талас;
- «Жаңа нарықтар, жаңа нысандар, экономика кластерлері» атты Бүкіләлемдік табысты кәсіпкерлер Слетінідегі панельдік пікір-талас;
- Питч-сессия. «Қалай венчурлық инвесторболуға болады? Болашақты анықтай отырып: бүгінгі таңда қандай технологияларды инвестициялау керек?» мастер-классы;
- Интерактивті «Интеллектуальды технологиялық демалыс» семинарларына қатысты және дәрістерін тыңдада.
«БОЛАШАҚ ИНДУСТРИЯСЫ» атты ғылыми-білім беру бағдарламасы туралы қысқаша мәліметтер:
- 17.10.2017 ж. күннің тақырыбы «Болашақтың қиындықтары мен қатерлері». Форматы – интеллектуальдық шайқастар. Болашақ үшін маңызды сұрақтар бойынша қолдаушы және қарсы көзқарастардағы скиперлердің қатысуын қамтитын формат. Әрбір шайқас 30 минутқа жалғасады және қарсыластар тарапынан өз пікірін жеткізудің нақты сценарийімен өрбиді, сондай-ақ әрбір пікір-талас қорытындысы бойынша бағдарлама қатысушыларының дауыс беруін қамтиды.
- 18.10.2017 ж. күннің тақырыбы «Әлемді өзгертетін нанотехнологиялар». Форматы – техно-шоу. Samsung компаниясымен, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті және Мәскеу политехникалық университетімен серіктестікте өткізіледі. Техникалық шоу жаңа технологияларды презентациялауды, сондай-ақ осы инновациялық техниканы қолдануға болатын индустрия саласын таныстыруды білдіреді.
-
19.10.2017 ж.күннің тақырыбы «Болашақ көшбасшылары». Форматы – Ток-шоу. «Біздің заманымыздың қаһармандары». Формат жас ресейлік және шетелдік көшбасшылардың көзбе-көз жанды пікір-таласын пайымдайды.
Мұндай жастар форумы біздің магистранттарға әртүрлі пікір алмасу форматтарына қатысуға, өзінің техникалық мамандығын дамыту бойынша баға жетпес білім мен тәжірбие алуға мүмкіндік береді.