ҚР Президентінің билік өкілеттіктерін қайта бөлу туралы үндеуін талқылау

27 қаңтар күні «АТжЭ» жоғары мектебінің ОПҚ және студенттермен ҚР Президентінің билік өкілеттіктерін қайта бөлу туралы үндеуін талқылау кездесуі өтті. Жоғары мектептің деканы Ғ.Ә.Бесбаев алдағы уақыттағы бірқатар реформалардың негізгі мәнін түсіндірді, атап айтқанда Президент өз өкілеттіктерін Парламент және Үкіметке беру туралы. Ол алдағы реформаның тәуелсіз Қазақстанның жылнамасында жаңа беттерді ашады және республиканың одан әрі тиімді дамуына бағытталған деп атап көрсетті. Кездесуге «Халықаралық қатынастар және саясаттану» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, доцент С.А.Мажинбеков арнайы шақырылды. Өз сөзінде С.А.Мажинбеков Елбасы жариялаған саяси жүйенің модернизациясы мемлекеттілікті нығайтуға, биліктің барлық үш тармақтарының оңтайлы өзара әрекеттесуіне және әрқайсысының жауапкершілігін арттыруға әкелетінін айтты. «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі Қ.А.Өтебаев өз сөзінде билік өкілеттіктерін қайта бөлу Үкімет және Парламент арасында баланс пен қарама-қарсылықты орнатуға мүмкіндік беретінін, оның барлығы билік жұмысына тиімді әсер ететінін, сонымен қатар бұл реформа Елбасының сарабдал шешімі екенін және де реформаның өзекті екенін айтты. ЖМ аға тәлімгері Ж.У.Нышанбаева аталған реформаны қолдайтынын айтып, алдағы уақыттағы еліміздің саяси құрылымындағы жаһандану өзгерістерін бүкілхалықтық талқылауда белсенділік танытуға шақырды.

 


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.