Жаңалықтар
«Казахстанская правда» газетінің 2016 жылғы 18 майындағы номерінде Қазақстан Республикасы бойынша жоғары оқу орындарының 2016 жылғы бағыттар мен мамандарды дайындау деңгейі бойынша рейтингі қорытындысы жарияланды . Рейтингіні Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агентігі (ТАРА) жүргізді. Рейтинг қорытындысы бойынша 5В071800 –Электроэнергетикасы және 5В071700 – Жылуэнергетикасы мамандықтары Республика бойынша екінші орын алды. Бұл бағыттағы мамандарды «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасы дайындайды. Кафедра коллективін Республика деңгейіндегі жетістіктерімен құттықтаймыз.