Ашық есік күні

2025 жылы 23 сәуір күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің мәжілістер залында «Ақпараттық технология және энергетика» жоғары мектебінің  ұйымдастыруымен Шымкент қаласы және Түркістан облысы аудандары мектептерінің бітіруші түлектері, Әуезов университетінің «Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы» тыңдаушылары, колледж бітіруші түлектері үшін «Ашық есік күні» іс-шарасы өтті.Кездесу барысында «Кәсіптік бағдар беру орталығы»  орынбасары Жантсов Олжас бітіруші түлектерге «Біріңғай тестілеудің» және мемлекеттік білім гранты конкурсына өтінім берудің негізгі қағидаларымен, «Ақпараттық технология және энергетика» жоғары мектебінің деканы Әжібеков Қанат Жұбандықұлы жоғары мектептің білім беру бағдарламаларымен таныстырды.Іс шарада жоғары мектептің білім беру бағдарламалары бойынша толық ақапараттар беріліп, кафедралар және материалдық техникалық базасымен таныстыру мақсатында оқу ғамараттарына экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара барысында жоғары мектеп деканы мен кафедра меңгерушілері тыңдаушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, тыңдаушыларды білім беру бағдарламаларына оқуға түсуге шақырды.


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.