Ғылым дауысы: әлемді өзгертетін инновациялар

2025 жылдың 22 сәуірінде Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Абдраш Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Ғылым дауысы: әлемді өзгертетін инновациялар» тақырыбында мазмұнды семинар-кездесу өтті.Ауқымды іс-шараға мектептің 10–11-сынып оқушылары мен ұстаздары қатысып, тың идеялармен сусындауға мүмкіндік алды. Кездесуге арнайы шақырылған М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің беделді ғалымдары мен оқытушылары өздерінің ғылымдағы тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, келесі профессор-оқытушылар құрамы қатысып, мазмұнды ойларымен бөлісті:
  • Изтаев Жалғасбек Дулатұлы – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, «Ақпараттық жүйелер және модельдеу» кафедрасының меңгерушісі;
  • Ахметова Сабира Тастанқызы – физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының меңгерушісі;
  • Жұматаев Нұрлыбек Срайылұлы – PhD, доцент;
  • Джусупбекова Гүлзат Турысбекқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі;
  • Нұрмағамбет Саян Досжанұлы – Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі декан орынбасары.
    Кездесу барысында ғалымдар математика, информатика, ақпараттық қауіпсіздік бағытындағы ғылыми зерттеулер, жетістіктер мен өзекті мәселелер төңірегінде кеңінен әңгімелеп, оларды шешу жолдарына тоқталды. Сонымен қатар ғылым жолына қалай келгені, зерттеуші болу үшін қандай құзыреттіліктер мен жеке қасиеттер қажет екендігі жөнінде әсерлі тәжірибелерімен бөлісті.Жоғары мектептің өкілдері мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беріп, университеттегі мамандықтар жайлы, әлеуметтік жеңілдіктер, академиялық ұтқырлық және шетелдік жоғары оқу орындарымен байланыс туралы жан-жақты ақпарат ұсынды.Кездесу соңында мектеп ұжымы мен оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ғалымдар тарапынан нақты жауаптар алды. Семинар мазмұнды, ашық диалог түрінде өтті.Мектеп директоры Оралбекова Гүлмира Оралқызы іс-шараға арнайы келген қонақтарға шынайы алғысын білдіріп, алдағы уақытта ғылыми бағыттағы бірлескен жұмыстарды жалғастыруға ниетті екенін жеткізді. Сондай-ақ, бұл бастаманы ұйымдастырушы, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сембиева Жанар Балтабайқызының еңбегін ерекше атап өтті.
 

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.