Жаңалықтар
«Теория электрической связи» пәнінен өткізген ашық сабағы
- Нұрмағанбет Саян Досжанұлы
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 8
М.Әуезов атындағы ОҚУ, «Автоматтандыру, телекоммуникация және басқару» кафедрасының доценті М.А. Сайдахметовтың ИП-22-7р тобында «Теория электрической связи» пәнінен өткізген ашық сабағына
П І К І Р
Доцент М.А. Сайдахметовтың өткізген ашық сабағы 6В07110 – «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасының білім алушыларына дайындық бағыты бойынша білім алатын студенттерге арналған пән бойынша жұмыс оқу бағдарламасының дәрістің тақырыбы атауына сай, оқу материалы ізденіс бағытымен дұрыс және белгілі тәртіппен мазмұндалған.
Сабақтың мақсат-міндеттері мен өтілу барысы білім алушының талаптарына сай алынған.
Сабақты өткен сабақпен байланыстыру сауалдарды қою арқылы басталды. Сабақ барысында студенттердің белсенділігін арттыру мақсатында сыни тұрғысынан ойлау, миға шабуыл, проблемалық оқыту әдісі, пікір-талас, интерактивті және ақпараттық-коммуникативтік технология әдістері қолданылды.
Доцент М.А. Сайдахметовдәріс сабақтың «Коды Хэмминга БХЧ» тақырыбының толық ашылуын қамтып өтті.
Жаңа тақырып аясында жаңа материалды ашуда презентация ұтымды қолданылды. Жаңа сабақты бекіту мақсатында студенттердің ойлау қабілетін, танымды белсенділігін арттырды деп ойлаймын. Интерактивті тақтаны пайдалана отырып, сабақ тақырыбы мәтініне сәйкес келетін видео және аудио материалдар көрсетілді, білім алушылардың талқылау және түсіну деңгейін тексерді.
Оқытушы мақсаты мен міндеттерін, дәріс сабақтың барысын түсіндірді, әдістемелік нұсқаулар берді, студенттерді топтарға бөлді, өзіндік жұмыстарға тапсырма берді.
Білім алушыларға арналған әдістемелік нұсқаулықтар, пән бойынша тапсырмаларды орындау үшін қажетті мөлшерде материалдармен қамтамасыз етілген, қажетті барлық мәліметтерді қамтиды және білім алушылардың жеке сұрақтарына да толық мәліметтер бере білді.
Жалпы айтқанда, ашық сабағында оқудың активті әдістері мен дәстүрлі педагогикалық тәсілдердің әдістемелік рационалдық үйлесімділігі, зертханалық материалды белгілі бір дәрежеде игеруі және ұсыну дәрежесі, оқытушы материалды еркін меңгерген.
Студенттердің назарын ұйымдастыру, өздік жұмыстарының элементтері бар, оқытушы студенттердің топтарға қатысуын ұйымдастыра білді.
Техникалық құралдарды қолдану дәрәжесі өте жоғары деңгейде, аудиториямен қарым-қатынасы және керісінше, аудиторияның оқытушымен қарым-қатынасы айқын көрініс тапты.
powered by social2s