Жаңалықтар
«Атом электр станцияларының құрылысында жаңа технологиялардың қолдануы» тақырыбында қонақ дәрісін өткізілуі
- Нұрмағанбет Саян Досжанұлы
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 132
«Атом электр станцияларының құрылысында жаңа технологиялардың қолдануы» тақырыбында қонақ дәрісін өткізілуі
2024 жылғы 08 қазанкүні сағ.13:00-деAuezov University«Атом электр станцияларының құрылысында жаңа технологияларды қолдану» тақырыбында қонақ дәрісі өтеді.
Қонақ дәрісінің спикері – «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ, «Техникалық физика және жылу энергетикасы» кафедрасының PhD философия докторы, қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы РМК Атом энергиясы институты филиалының реакторлық құрылғыларды әзірлеу және сынау бөлімінің бастығы Мухамедов Нуржан Еролұлы.
Спикер Нұржан Еролұлы сөзін Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының ғылыми-зерттеу базасымен және оның атом энергиясының қауіпсіздігі саласындағы қызметімен таныстырудан бастады.
Сөз сөйлеу барысында спикер заманауи ядролық энергетикалық технологиялардың қауіпсіздігінің маңыздылығы және атом энергетикасы саласындағы жүзеге асырылып жатқан жобалармен, яғни CORMIT жобасы (А3 балқымасының қосалқы реакторлық балқыма ұстағышының қорғаныш жабынының ыстыққа төзімді материалдарымен әрекеттесуі), Fukusima Debris жобасы (атом электр станциясы ректорларының A3 балқымасының мұздатылған фрагменттерінің қасиеттерін модельдеу және зерттеу), EAGLE-3 жобасы (натрий бар бассейндегі балқытылған отын имитаторының салқындату үрдістерін зерттеу), SAIGA жобасы (ASTRID реакторының отын жинағының әрекеттері) тәжірибелік зерттеулер мысалдарын келтірді.
Спикер сонымен қатар заманауи ядролық энергетикалық технологиялардың қауіпсіздігін айтты.
Қонақ дәрісі өту барысында университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы, ғалымдар, докторанттар, магистранттар және студенттер қатысты, жалпы саны 125 адам.
БАҚ-тан іс-шараға «Хабар», «24kz», «Ел арна»телеарналары қатысты.