“Ұстаз аты– биік,әрі мәңгілік” тақырыбында дөңгелек үстел.

“Ұстаз аты– биік,әрі мәңгілік” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

“Ақпараттық коммуникациялық технологиялар” кафедрасының оқытушысы Тастанбекова Б.О ұйымдастыруымен 01.10.2024ж. “Ұстаз – ұлы тұлға” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс шара барысында тақырыпқа байланысты баяндама оқыды. Кафедра оқытушысы ұстаздардың қоғам мен білім ордаларындағы алатын орнын білім алушыларға түсіндірді.Жер бетінде сан мыңдаған мамандық иелері бар, солардың ішінде ұстаздық мамандықтың шоқтығы бәрінен де биік екендігі даусыз.К. Д.Ушинский айтқандай, «Мұғалім-зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты.» Ия, ұстаз болу кез келген адамның қолынан келе беретін кәсіп емес. Ол үшін адамда ең алдымен туа бітті қабілеті  болуы керек.Сондай-ақ терең білімімен қатар,мамандыққа деген сүйіспеншілігі әрі зор құрметі  де болуы шарт.Қазіргі уақытта жақсы мұғалім дайындау үшін жоғары оқу орындарындағы  оқытушылар білімгерлеріне барын беріп,өз пәндерінен терең білім мен оқыту әдістемесінен дәріс береді, яғни ,бір сөзбен айтқанда,өн бойында педагогикалық әдеп пен ұстаздық шеберлік тұнып тұрған жақсы  маман жасап шығару үшін жатпай-тұрмай еңбек етеді, маңдай терін төгеді.Мен осы бір мамандықты ерте көктемнен қыбырлай бастайтын,әр еккен өнімінен жеміс алу үшін күндіз-түні еңбек етіп жүретін бағбанның өміріне қатты елестетемін. Мұғалім де солай, ол әр шәкіртінен үлкен нәтиже күтеді. Ол өскелең ұрпаққа өз тарихы мен дәстүрін жеткізе отырып,қазіргі заман талаптарына сай  етіп тәрбиелейді, құндылықтарды бойына сіңіреді. Мұғалімнің бойында педагогикалық әдеп пен ұстаздық шеберлікті қалыптастыру үшін өмір бойы тер төгуіңе тура келеді.Осы тұста белгілі ақын,қоғам қайраткері М.Шахановтың «Бала жүрегі-кішкентай күйсандық, сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Әр ұстаздың қолында сол кілт үнемі жүру керек» -деген сөзі еріксіз есіңе оралады. Мұғалім сабағын дұрыс ұйымдастырып өту үшін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін үздіксіз меңгеріп , өзінің алған теориялық білімін практикамен ұштастыра алса ғана еңбегінің нәтижесін көре бастайды.Ал осыдан соң мұғалімнің жұмысы қандай екенін біле беріңіз... «Инемен құдық қазғандай»  болған оның әр еңбегі асқан төзімділік пен шыдамдылықты қажет етеді.Бүгінгі мұғалім. Ол білім алушылардың ой-өрісін кеңейтумен қатар,олардың санасын да қалыптастыра алатын тұлға.Оның сабырлылығы ,әділдігі және жанашырлығы білім алушылардың өзіне деген сенімін қалыптастырып,шығармашылық қабілеттерін дамытатыны анық.Сондықтан да қай кезде де мұғалімнің мәртебесін арттырып отыру үшін қоғамның барлық салалары бірлесіп жұмыс істеуі керек  деп есептеймін.

 

 


Күнтізбе

Қараша 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.