Жаңалықтар
2024 жылы қыркүйек айының 25-ші күніМ.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 6В04310-«Архитектура» білім беру бағдарламасы бойынша СМ-24-5к61-курс білім алушылармен «Менің жетістігім — менің нәтижем» тақырыбында дөңгелек үстел өтілді.
«Техникалық мамандықтар үшін Шет тілі» кафедрасының PhD, аға оқытушысы Г.А.Сатылханова және аға оқытушы Л.А.Джиянбаева тәрбие сағатын аша отырып, жетістіктің мәні мен маңызын түсіндірді. Олар білім алушыларға жетістікке жетудің бірнеше негізгі факторларын атап көрсетті: мақсат қоя білу, еңбектену, жауапкершілік және уақытты дұрыс басқару туралы айтып өтті. Жетістік — тек академиялық көрсеткіштер ғана емес, сонымен қатар, адамзаттың жеке дамуы, әлеуметтік қарым-қатынастары және өмірлік тәжірибе жинақтау екендігін нақтылады. Білім алушылар өз жетістіктері мен нәтижелері туралы ой бөлісіп, оқу мен өмірдегі мақсаттарына жету жолдарын талқылады.
Іс-шара соңындаСМ-24-5к61-курс тобының білім алушылары өздерінің жетістіктерін одан әрі арттыруға ниеттеніп, алдағы оқу жылында белсенділік танытуға уәде берді. «Менің жетістігім — менің нәтижем» тақырыбы бойынша ұйымдастырылған дөңгелек үстел білім алушыларға мотивациясын көтеріп, мақсаттарына жету жолында жаңа серпін берді.
powered by social2s