Жаңалықтар
«Қазіргі заманауи кезеңдегі энергетиканың тұрақты дамуы»тақырыбында Халықаралық қыстық мектебі өтеді.
- Нұрмағанбет Саян Досжанұлы
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 250
2024 жылдың 13 ақпанынан 01 наурызына дейін Болон процессі және академиялық ұтқырлық орталығының және М.Әуезов атындағы ОҚО КЕАҚ-ның Жаңа климаттық экономика және орнықты даму орталығының қолдауымен «Ақпараттық технологиялар және энергетика» ЖМ «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасында «Аuezov Univercity-2024» «Қазіргі заманауи кезеңдегі энергетиканың тұрақты дамуы»тақырыбында Халықаралық қыстық мектебі өтеді.
Дәріс оқу үшін Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шет елдердің жетекші жоғары оқу орындарының үздік спикерлері шақырылды. ПОҚ,докторантура, бакалавриат, магистратурабілім алушылары осы мектептің тыңдаушылары болып табылады.
Салтанатты ашылу рәсімінде Болон процессі және академиялық ұтқырлық орталығының директоры Л.А.Хасенова, т.ғ.к., доцент «АТ және Э» ЖМ деканы Е.Т.Шертаев, Т.А.Шестопалова-т.ғ.к.,доцент, ГЖЭК кафедрасының меңгерушісі, «МЭИ» ҰЗУГЖЭК институтының директоры (Ресей Федерациясы); Садуллаев Н.Н. - т.ғ.д., профессор, Бұхар инженерлік-технологиялық институтының «Энергетика» факультетінің деканы (Өзбекстан Республикасы); Күтербеков Қ.А. - м.ғ.д., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар» кафедрасының физика-техникалық факультетінің профессоры (Қазақстан Республикасы).