Жаңалықтар
Шетелдік жетекші ғылымы Д.П.Караиванов М.Әуезов атындағы ОҚУ кафедралардың профессор-оқытушылар құрамымен семинар-дөңгелек үстел ұйымдастырулуы
- Нұрмағанбет Саян Досжанұлы
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 205
2023 жылғы 13 желтоқсанда Химия-технологиялық және металлургия университетінің (София қ., Болгария) PhD, доценті Д. П. Караиванов "Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер" және "Механика және машина жасау" кафедраларының ПОҚ-мен "Энергиялық машина жасау дамытудың перспективалық жолдары", "Білім беру саласындағы интеграциялық процестер - Българияның оң және теріс тәжірибесі" тақырыптарында семинар –дөңгелек үстел өткізді.
Семинарды өткізу кезінде профессор Д.П. Караиванов Болгария Республикасының білім және ғылымның қазіргі жағдайы, осы салалардың даму тенденциялары; бакалавриат, магистратура және докторантура білім алушыларымен жүргізілетін жұмыстар туралы кең ақпарат берді.
Кафедралардың ПОҚ-мен бірлесіп білім беру, ғылыми зерттеулер саласындағы қазіргі заманғы үрдістерді, даму жолдарын белсенді талқылау жүргізілді. ПОҚ ғылыми бағыттағы жұмыс істеу жолдары белгіленді.