Жаңалықтар
«Энергетика саласы – экономика драйверінің негізгі тетігі» атты форум
- Нұрмағанбет Саян Досжанұлы
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 274
21.12.2022 жылы Энергетика күніне орай «Ақпараттық технологиялар және Энергетика» жоғары мектебі, «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасының бастамасымен «Энергетика саласы – экономика драйверінің негізгі тетігі» атты форум өткізілді.
Форумға М.Әуезов атындағы ОҚУ стратегиялық даму және интернационаландыру жөніндегі проректоры А.Т.Искакова, Мансапты қолдау және жұмысқа орналастыру орталғының директоры А.Б.Қалдыбаев, ірі өндіріс орындарының тізгінін ұстаған сала мамандары шақырылды. Форумда қазіргі таңда осы сала бойынша белең алған сұрақтар, даму перспективасы, стратегиялық жоспарлары кеңінен талқыланды. Форум нәтижесі ретінде 3 сатыдан тұратын резолюция шығарылды.
- Энергетика саласындағы орын алып отырған жаһандық және еліміздегі мәселелердің үздіксіз жаңартылып отырғанын ескере отырып осындай форматтағы форумды жыл сайын өткізу
- Жас түлектердің маман ретінде өз орнын табу мақсатында кәсіпорын мен университет арасындағы келісім-шартты ұдайы дамыту
- Білім беру бағдарламаларын жаңғыртуда заман талабын ескере отырып, кәсіпорындармен бірлесе жаңаша платформасын құру