Жаңалықтар
«Энергетика және ДЭЖ» кафедрасы мен Бұхара инжинирингтік-технологиялық институты арасындағы халықаралық ынтымақтастық шеңберінде өткізілген іс-шара.
- Нұрмағанбет Саян Досжанұлы
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 230
«Энергетика және ДЭЖ» кафедрасы мен Бұхара инжиниринг-технологиялық институты арасындағы халықаралық ынтымақтастық шеңберінде кафедраның ОПҚ-ы Турымбетова Гулзухра Джурабековна, Сахметова Гулмира Едиловна, Кулмаханова Ильфа Кужаковна «Экономиканы цифрландыру жағдайындағы энергетиканың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, Бұхара инженерлік-технологиялық институты модульдік пәндер бойынша «Энергоаудит» кафедрасында студенттер арасында 18 сағат көлеміндегі дәріс оқу үшін шақырылды.
Дәріс курсын сәтті аяқтағаннан кейін тиісті сертификаттар берілді.
Доцент Тұрымбетова Гүлзухра Джурабекқызына Ғылыми кеңестің 2022 жылғы 18 қарашадағы №6 шешімімен Бұхара инженерлік-технологиялық институтының құрметті профессоры дипломы берілді.
Құлмаханова Ильфа Кужаковна Бұхара инженерлік-техникалық институтында «Энергия үнемдеу» тақырыбында 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсынан өтті.