Жаңалықтар
ҚР “Қазақстан халқы тілдерінің” мерекесіне арналған іс-шара
- Нұрмағанбет Саян Досжанұлы
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 248
2022 жылдың 28 қазан күні “Ақпараттық коммуникациялық технологиялар” кафедрасының магистр оқытушысы Айдарова Танжулдыз Нуралиевна ЭФ-22-5к2,5кс тобының студенттерімен ҚР “Қазақстан халқы тілдерінің” мерекесіне арналған іс-шара өткізді.
Тіл қандай ұлтта болмасын әрқашанда қасиетті де құдіретті. Ол әрбір адамға ананың ақ сүтімен дарып, мәңгілік қалыптасады. Қандай мәдениет болмасын қатынас құралы ретінде де, ұлттың барша болмасы көрінген келбеті ретінде де тіл арқылы жасалған. Тіл арқылы өмір сүреді, ұрпақтан ұрпаққа, заманнан заманға жетіп, ұлттық тұтастықты сақтайды. Сондықтан да тіл адастырмас темірқазық іспеттес.
Дүниенің бәйгесінен қалмау үшін, біз ең алдымен өзіміздің мәдениетімізді, сол мәдениеттің негізі тілімізді бәсекеге қабілетті етуіміз керек. Елімізді мекен еткен өзге ұлт өкілдері қазақ халқының салт-дәстүрін қастерлеуде, ұлттық тілін ұлықтауда, Қазақстанды бір ғана Отаным деп білетін олар ұлы халықтың ұлы құндылықтарын өз ұрпақтарының бойына сіңіріп өсіруі тиіс. Қазақ тілінің ұлтаралық қарым-қатынас тіліне айналатын кезеңін реформалар негізінде жақындатуымыз керек.