Жаңалықтар
2022 жылдың 29 қыркүйегінде «Ақпараттық технологиялар және Энергетика» жоғары мектебінің 2022-2023 оқу жылының жоспарына сәйкес «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасының доценті Сахметовой Г.Е. «Электрмен жабдықтау жүйесінің үшінші деңгейдегі цехтық қосалқы станциялары» тақырыбында ашық дәріс өткізді.
Дәріс түрі - жоспарлы қателері бар дәріс.
Қателері бар бұл дәріс (дәріс-ынталандыру) ИП-19-9к1,2, тк топ студенттерінің сабақтағы қателерді анықтау және талдау арқылы дәріс тақырыбы бойынша ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін дамытуды көздейтін интерактивті оқыту технологиясы. Дәрістің бұл түрінің ерекшелігі студенттердің лекцияның ең күрделі, негізгі тұстарын игеруі, білім мен дағдыны бекіту, жалпылау және жүйелеу болып табылады.
Дәрістердің бұл түрі электрмен жабдықтау жүйесінің үшінші деңгейіндегі цехтық қосалқы станциялар туралы ақпаратты тек жазып және есте сақтап қана қоймай, сонымен қатар талдау керек кезде студенттердің дәрістегі жоғары интеллектуалды жәнеэмоционалдық белсенділігінежағдай жасайды.