«Діни экстремизм - әлемге төнген қауіп» атты ашық тәрбие сағаты

Бүгінгі өткен «Діни экстремизм - әлемге төнген қауіп» атты ашық тәрбие сағатында қоғам арасында кең етек жайып, жастардың санасын жаулап алған әртүрлі діни ағымдар туралы әңгіме қозғалды.

 

Ф.4.05-11

 

М.ӘУЕЗОВ атындағы

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

УНИВЕРСИТЕТІ

 

 ЮЖНО-КАЗАХСТАНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ им. М.АУЕЗОВА

_____________________________________________________________________________

                                                                   

№15   Тәрбие сағаты ХАТТАМАСЫ 

«24»_02_2022ж.

 

 ПРОТОКОЛ кураторского часа  №15

«24» _02_2022г.

 

 

 

«Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» кафедрасы

 

Кафедра «Вычислительная  техника и программное обеспечение»

                                            

 

Қатысқандар:  Ахметова С.Т. – кафедра меңгерушісі, Абулхайров И.И. – Республикалық ақпараттық оңалту орталығының Шымкент өкілдігі,  теолог – консультант маманы, Бесбаев М.Ә. – Дін саласындағы Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы, Нұрмағамбет С.Д. - «Ақпараттық технологиялар және энергетика» Жоғары мектебінің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселе жөніндегі декан орынбасары, Бахбердиева К.М. -  ИП-20-1к тобының тәлімгері және  ИП-20-1к тобының студенттері

 

 Бүгінгі өткен «Діни экстремизм - әлемге төнген қауіп» атты ашық тәрбие сағатында қоғам арасында кең етек жайып, жастардың санасын жаулап алған әртүрлі діни ағымдар туралы әңгіме қозғалды. Ашық тәрбие сағатын кафедра меңгерушісі Ахметова С.Т. кіріспе сөзін айтып, қонаққа келген дін өкілдерін таныстырып шықты.

       

Тәрбие сағатының тақырыбына байланысты Дін саласындағы Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы Бесбаев М.Ә. сөз алды. Ол діндегі экстермизм және терроризм деген ұғымдарға түсініктеме беріп өтті. Сонымен қатар, Дін дегеніміз не? Жас жеткіншектерді ондай істерге итермелейтін қандай күш? Әлемдік діндерден секталардың айырмашылығы қандай? және экстремисттік ағымдардың түрлеріне тоқталып өтті.

Келесі кезекте сөз Республикалық ақпараттық оңалту орталығының Шымкент өкілдігі,  теолог – консультант маманы Абулхайров И.И. мырзаға берілді.  Ол Діни экстремизм деген не, оны қалай түсінеміз? Діни экстремизм салдарынан әлемде нелер болып жатыр? Қысқа балақты шалбар, сақал қою мәселелерін қалай түсінуге болады? деген сұрақтарға кеңінен тоқталып өтті. Сонымен қатар, бүгінгі жастарымыздың көзсіз көбелектей түрлі экстремисттік ұйымның жетегінде кетуінің бірнеше факторы бар екені туралы, мысалы, әлеуметтік желілердің кері әсері, жастардың өз тарихын, салт-дәстүрін толық білмеуі және діни сауатсыздық деп атап өтті. Дегенмен қандай жағдай болмасын, өзінің тілін, ділін, дінін, тарихын, мәдениеті мен салт-дәстүрін білген адам мұндай келеңсіз құбылыстарға жол бермейді деді.

    

Сабақтың соңында студенттер сұрақтарына жауап алды және топ тәлімгері Бахбердиева К.М. «Құрметті қонақтар бүгінгі тәрбие сағатымызға қатысып, өз ойларыңызды студенттермен бірге талқыға салғандарыңыз үшін, жастарымызға ақыл - кеңес бергендеріңіз үшін сіздерге көп-көп рахмет» деп, сабақты қорытындылады.

 

 

 

Шешім: 1. Жоғарыдағы айтылған мәліметтер назарға алынсын;

  1. Студенттер мен топ тәлімгерлері әруақытта осы сұрақтар бойынша тәрбие жұмыстарын үнемі жүргізіп отырсын.

 

 

       Топ тәлімгері:                                                           Бахбердиева К.М.

 

       Хатшы:                                                                       Садықбек Ж.


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.