Жаңалықтар
2016 жылдың ақпан айының 15-ші жұлдызында «Діннің рухани-адамгершілік әлеуеті» және «Жастар және дін» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 241
2016 жылдың ақпан айының 15-ші жұлдызында «Діннің рухани-адамгершілік әлеуеті» және «Жастар және дін» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Ұйымдастырушылар:
«Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебі
«Информатика» кафедрасының оқытушылары Колбаев Б.Р. және Шаймерденова Г.С.
Мақсаты: Жастарды имандылыққа тәрбиелеу, қоғамда діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын идеологиялардың таралуын болдырмау.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау, түсіндіру.
Келген қонақтар:
«Дәлетұлы Шығысбай қажы» мешітінің наиб имамы Қарымбек Ерғали Сейтанұлы кіріспе сөзі
Исламда жас ұрпақтың санасына ізгіліктің дәнін сеуіп, жеткіншек-терді атаның баласы емес, адамның баласы болуға баулу айрықша маңызға ие. «Еліміздің және жастардың ең басты байлығы – сапалы білім», – деп Елбасы атап көрсеткендей, заман талабын ескере отырып жастардың білімін көтеру мәселесі еріксіз назар аудартады. Білімді жастар ғана ел дамуына жол ашады. Бүгін де осындай қуатты тарихи іргетасқа сүйене отырып, Ислам өркениетінің интеллектуалдық рөлін қайта жаңғырту күн тәртібінде. Демек, ендігі кезекте жастар білім тұрғысынан өзге жұртпен терезесі тең деңгейден табылуы тиіс.
Облыстық Дін істері басқармасы, Әлеуметтік бастамалар орталығының дінтанушысы Бектұрғанов Абзал Төреханұлы сөзі
Жастар ақпараттық-насихаттау тобының негізгі мақсаттары – жастардың әртүрлі топтарының дін саласындағы негізгі түсініктерін қалыптастыру, жастар арасында толеранттық пен қазақстандық қоғамның рухани бірлігі идеясын қалыптастыру, қоғамда жалған сипаттағы діндердің және радикалдық ұйымдар мен ағымдардың идеяларының таралуына тосқауыл қою, қоғамда діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын идеологиялардың таралуын жүгендеу.