Жаңалықтар
«Кездейсоқ процестерді модельдеу. Статистикалық модельдеу. Динамикалық сипаттамалар» тақырыбында дәріс түрінде өткізілген ашық сабақ
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 302
Дәріс 10.12.2021 ж. «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Оспанова А.О. MИT-20-4нк тобы магистранттарымен онлайн ZOOM платформасында ашық дәріс сабағын өз уақытында жүргізді.
Дәрісте кездейсоқ процестерді модельдеу әдістері, кездейсоқ шамалардың параметрлерін статистикалық бағалау, бағалаудың қасиеттері қарастырылды. Білім алушыларға түсінікті болу үшін презентациялар және бейнелекциялар материалдары пайдаланылды. Нақты процестердің статистикалық сипаттамаларын алу, ғылыми-зерттеу есептерін шешу үшін ақпараттық мәліметтерді өңдеу және жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.
Дәріс сабағы бағалау және бақылау парағы ОҚУ-дың СМБ сәйкес келеді.