Жаңалықтар
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры»
"Жеті" саны өзінің әдеттегі сандық, реттік сипатымен жалпы адамзат үшін бірдей болғанымен, қазақ халқында қасиетті мәнде қолданылатындығы белгілі. Сол себепті де Елбасы Н.Ә. Назарбаев әрбір сөйлеген сөзінде жеті басымдылыққа мән береді. Тәуелсіздік, бірлік пен келісім, киелі жер, отбасы мен ұлттық салт-дәстүр, ұлттық мәдениет, білім мен еңбек, бәсекеге қабілеттілік - жасампаз мәңгілік ел болудың діңгегі. Еуразияның Ұлы Даласында көшпелі өмір салтқа бейімделіп, оны өмір сүрудің негізгі арқауы еткен, уақыт пен кеңістікке қатысты таным-түсінігі қалыптасқан қазақ халқы үшін жаһандану заманында тұтастығымызды нығайтып, экономиканы дамыту керек. Ол үшін Н.Ә. Назарбаевтың мәлімдемесіне мән бере отырып, бірлігімізді арттырып, салт-дәстүрімізді сақтай отырып бәсекеге қабілетті жастарды дайындау баршамызға ортақ іс болмақ.
Техникалық мамандықтар бойынша шет тілі кафедрасының меңгерушісі Мақұлбек А.Б.