Талапкерге

Ақпараттық технологиялар және энергетика жоғары мектебі бойынша ақпарат.

Жоғары мектеп бойынша: Жасанды интеллект технологиялары, виртуалды шындықты модельдеу және құру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және қауіпсіздік, математикалық және компьютерлік модельдеу, автоматтандыру және басқару, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер,

Электроэнергетика, жылуэнергетика, электрмен жабдықтау, Электр энергетикалық жүйелер инженериясы, радиотехника, электроника және телекоммуникация салалары бойынша мамандар дайындайды.    
Жоғары мектепте оқу үдерісі  фундаментальді  физика-математикалық дайындықты талап ететін жаңа технологиялармен жабдықталған прогрессивтік ғылыми-техникалық және педагогикалық концепциялар негізінде  жүргізіледі.

Ақпараттық технологиялар және энергетика жоғары мектебінің кадрлық әлеуеті.

Құрамында 10 ғылым докторы, 10 PhD докторы, 32 доценті және ғылым кандидаттары, 4 жоғарғы мектеп үздігі бар, жоғары мектеп қызметкеткерлері, студенттер және магистранттардың қатысуымен бірнеше  бағытта  ғылыми зерттеулер жүргізіп келеді. 
Қазіргі таңда жоғары мектепте білім алатын студенттердің жалпы саны – 2120, оның ішінде грант негізінде білім алушылар саны – 1050. 

Білім беру бағдарламалары. Оқыту мерзімі. ҰБТ бейіндік пәндері. Білім беру бағдарламалары рейтингі. 

Білім беру бағдарламасы тобы

Білім беру бағдарламасы

Оқыту мерзімі

ҰБТ бейіндік пәндері

 

Толық оқу нысаны

Қысқартылған оқу нысаны

 

Толық оқу нысаны

Қысқартылған оқу нысаны

 

1

 

В057 – Ақпараттық технологиялар

 

6В06120 – Ақпараттық жүйелер

4 жыл

3 жыл

Математика және

Информатика

Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері

 

6В06140 – Математикалық және компьютерлік модельдеу

4 жыл

3 жыл

 

6В06130 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

4 жыл

3 жыл

 

6B06121 - Жасанды интеллект технологиялары

4 жыл

 

 

6B06141 - Виртуалды шындықты модельдеу және құру

4 жыл

3 жыл

 

6В06150 - Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және қауіпсіздік

4 жыл

3 жыл

 

2

В059 - Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар

6В06210 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

4 жыл

3 жыл

Математика және

Физика

Электроника және схемотехника негіздері

 

3

В063 - Электротехника және автоматтандыру

6В07110 –Автоматтандыру және басқару

4 жыл

3 жыл

Математика және

Физика

Саланың технологиялық процестерін автоматтандыру

 

4

В062 - Электротехника және энергетика

6В07150 - Электр энергетикасы

4 жыл

3 жыл

Математика және

Физика

Электротехниканың теориялық негіздері және

Еңбекті қорғау (электр қауіпсіздік негіздері)

 

6В07140 - Жылу энергетикасы

4 жыл

3 жыл

 

6В07151 - Электрмен жабдықтау

4 жыл

3 жыл

 

6B07152 - Электр энергетикалық жүйелер инженериясы

4 жыл

3 жыл

 

 

Түлектердің меңгеретін біліктілігі және қызмет ету саласы.

Білім беру бағдарламасы

Қызмет ету саласы

1

6В06120 – Ақпараттық жүйелер

Экономикалық қызметтің түрлі салаларында автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді пайдаланатын мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдар.

Ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді зерттеу, жобалау, әзірлеу, тестілеу, енгізу және сүйемелдеу

2

6В06121 – Жасанды интеллект технологиялары

Өндірістік және экономикалық қызметтің түрлі салаларында зияткерлік ақпараттық жүйелерді пайдаланатын мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдар.

Зияткерлік ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді зерттеу, жобалау, әзірлеу, тестілеу, енгізу және сүйемелдеу.

3

6В06140 – Математикалық және компьютерлік модельдеу

Адам қызметінің әртүрлі салаларында ақпараттық технологияларды енгізетін және пайдаланатын математикалық және компьютерлік модельдерді әзірлейтін мемлекеттік, жеке кәсіпорындар мен ұйымдар.

Әртүрлі процестердің математикалық және компьютерлік модельдерін жасайтын ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдары.

4

6В06130 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Түлектердің кәсіби қызмет саласы экономикалық қызметтің әртүрлі салаларында ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлейтін, енгізетін, пайдаланатын мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдар болып табылады.

Түлектердің кәсіби қызмет саласы ақпараттық - коммуникациялық жүйелерді зерттеу, жобалау, әзірлеу, тестілеу, енгізу және қолдау болып табылады.

5

6B06141 - Виртуалды шындықты модельдеу және құру

Медицина, өнеркәсіп, білім беру үшін әртүрлі тренажерлер мен виртуалды ойындарды модельдеу;

Сәулет және қала құрылысын визуализациялау;

Виртуалды шындықты модельдеу және құрастыру міндеттерін бағдарламалық іске асыруды орындау;

Виртуалды шындық жүйелерін тестілеуді жүргізу;

Виртуалды жүйелерді сүйемелдеуді және техникалық қолдауды жүзеге асыру;

Қалалар мен елдерді, туризмді визуальды насихаттау

6

6В06150 - Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және қауіпсіздік

Экономикалық қызметтің түрлі салаларында ақпараттық-коммуникациялық жүйелерінде есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлейтін, енгізетін, пайдаланатын мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдар болып табылады.

Қауіптер мен осалдықтарға арналған жүйелерді зерттеу, ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді әзірлеу, тестілеу, енгізу және қолдау.

7

6В06210 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Радиотехника, автоматтандырылған байланыс, кең профильді мобильді байланыс инженері; электронды жүйелерде қызмет көрсететін электронщик; телекоммуникация (телефон және радио байланыс, теледидар) салалары

8

6В07110 –Автоматтандыру және басқару

Автоматтандырылған басқару жүйелері және өндірістерді басқару жүйелерін ақпараттандыру, эксплуатация, жөндеу, баптау, кешендер мен автоматтандыру жүйелерін жобалау кәсіпорындарында, бақылау-өлшеу құралдары мен микропроцессорлік техникамен қызмет атқаратын автоматтандыру инженер және бағдарламалық қатамасыздандыру.

9

6В07150 - Электр энергетикасы

АЭС, ГЭС, подстанциялар, телекоммуникация мекемелері; машина құрылысы, металлургия, ауыл шаруашылығындағы өнеркәсіп орындары, ғылыми зерттеу мекемелері; білім беру мекемелерінде қызмет атқарады.

10

6В07140 - Жылу энергетикасы

Жылу электр станциялары; өндiрiстiк және жылытулық қазандары; энергиятасығыштарды өндіру және тарату; жылыту және жылу желілері; жылу тәсілдемелік және жылу энергетикалық өнеркәсібтерінде бакалаврлар 1-категориялы техниктердің бастапқы қызметтеріне, кіші ғылыми қызметкерлердің, инженер-лаборанттардың, ғылыми-зерттеу мекемелерінің, конструкторлық және жобалау ұйымдарының инженерлері қызметтеріне олардың еңбек стажына талап қойылмастан алынады.

11

6В07151 - Электрмен жабдықтау

АЭС, ГЭС, подстанциялар, телекоммуникация мекемелері; машина құрылысы, металлургия, ауыл шаруашылығындағы өнеркәсіп орындары, ғылыми зерттеу мекемелері; білім беру мекемелерінде қызмет атқарады.

12

6B07152 - Электр энергетикалық жүйелер инженериясы

АЭС, ГЭС, подстанциялар, телекоммуникация мекемелері; машина құрылысы, металлургия, ауыл шаруашылығындағы өнеркәсіп орындары, ғылыми зерттеу мекемелері; білім беру мекемелерінде қызмет атқарады.

 

 Академиялық ұтқырлық

Халықаралық студенттермен алмасу бағдарламасына сәйкес, 6B06130 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығына 3-ші курс студенттері М.Сабден, А.Мамбетова, Путра университетіне (Малайзия), Куйбаков Г. - Бухарест университетіне (Румыния), Ходжибергенова У.-Ақпараттық технологиялар және басқару университетіне (Польша) , Тимабай Ж. - Приморск университетіне (Словения) оқуға жіберілді

 

6В06130 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім бері бағдарламасының 3-ші курс студенттері Сайлау Дариға, Амен Еркебұлан, Мәуленұлы Мағжан WSB UNIVERSITY(Польша) университетінде өз білімдерін шыңдауда

  

6В06120 – Ақпараттық жүйелер, 6В06121 – Жасанды интеллект технологиялары, 6В06140 – Математикалық және компьютерлік модельдеу мамандықтары бойынша академиляқ ұтқылық негізінде білімдерін шыңдауда. 

Бақыт Жанэль Асанқызы

Университет Лодзь, Польша

Бекнияз Әлібек Азаматұлы

Люблинский технологический университет, Польша

 

 Оқу өндірістік кешендер

6В07150 - "Электр энергетикасы", 6В07151 - "электрмен жабдықтау", 6В07152 "электр энергетикалық жүйелердің инжинериясы" және 6В07140 - "Жылу энергетикасы" білім беру бағдарламасы бойынша оқитын бакалаврлар төмендегідей практика түрлерінен өтеді: оқу іс-тәжірбие; өндірістік іс-тәжірбие;дипломалды іс-тәжірбие. Сонымен қатар іс-тәжірбиелік базалар бар. Іс-тәжірбиелік базаларардың атаулары.

1.«Оңтүстік жүйеаралық электр желілері»

2.АҚ  «KEGOC»

3.Оңтүстік  Жарық Транзит» ЖШС

4.«Қуат Жылу Орталык-3» МКК

5.«Asia trafo» ЖШС

6.«Энергоорталық-3»АҚ

7.Кентау қ. "Кентау трансформатор зауыты" АҚ

8.«Электроаппарат зауыты» ЖШС

9.ТЭЦ – 5   Кентау қ

10.«Шымкентмай»АҚ

11.«Шардара ГЭС» АҚ

12.«Шымкент-Құс» ЖШС

13.«Потенциал» ЖШС

14.«Kazalpack» ЖШС

15.«Towers project» ЖШС

16.«Управление водопровода и канализации» ЖШС

17.«Shymkent Temir» ЖШС

18.«Kaz-Tel» ЖШС

19.«Стандарт цемент» ЖШС

20.«Petro Kazakhstan Oil Products»ЖШС

21.«Электрокомплект»ЖШС

 Аға оқытушылары Апсеметова А.Т.,Токаев Б.Т. дуальды оқу форматтын өндіріспен байланыстырып дәріс  және іс-тәжірбие сабақтарын ЖШС «Asia trafo» мекемесінде сабақ өтіледі және  түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін арттырумен қатар жеке сектормен ынтымақтастықты нығайтатын Қазақстандағы дуальды жүйе студенттер үшін бейімдеу сауатты қадам деуге болады .

 

 6В06120 – Ақпараттық жүйелер, 6В06121 – Жасанды интеллект технологиялары, 6В06140 – Математикалық және компьютерлік модельдеу мамандықтары бойынша іс-тәжірбиелік базалар: 

1.ЖШС «Баланс Сервис» (Шымкент қ,);

2.ЖШС «INNOVA Corporationcompany» - Компьютер қызметтерін көрсететін мекемесі ;

3.ЖШС «IT InvestGroup» Компьютерлік бағдарламалар қызметтерін көрсету мекемесі (Шымкент қ,);

4.«Теориялық және қолданбалы математика»  ғылыми орталығы;

5.ЖШС «Азия ІТ Сервис» (Шымкент қ.)

6.ЖШС «Асадқұрылыс» - Құрылыс қызметтерін көрсету мекемесі;

7.ЖШС «ҚызметкерСБ» (Шымкент қ.);

8.ЖШС «Сфера -Ф» Құрылыс қызметтерін көрсету мекемесі (Шымкент қ,);

9.ЖШС «Жомарт-Қамқор» - Құрылыс қызметтерін көрсету мекемесі (Шымкент қ,);

10.ЖШС «Энерго импульс оқу-орталығы» (Шымкент қ.)

11.Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Шымкент қаласы

12.ЖШС «Табыс-Е» (Жетісай қ.);

13.ЖШС «Строитель» - Құрылыс қызметтерін көрсету мекемесі (Шымкент қ,);

14.Отырар ауданы жерқатынастары мемлекеттік мекемесі Түркістан облысы

15.ЖШС  "Бал текстиль "(Шымкент қ,);

16.«Қазақстан Темір Жолы» АҚ – темір жол қызметтерін көрсету мекемесі(Шымкент қ,);

17.ЖШС «РЦКУ-Шымкент» (Шымкент қ,);

18. Шымкент қ. Абай ауданы әкімінің аппараты

 Студенттер үйі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жарғысына сәйкес күндізгі оқу түрінде оқитын студенттерге, магистранттарға беріледі;

М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың студенттік жатақханаларындағы орын тәртіп бойынша жазғы демалыстан бөлек бір оқу жылына беріледі;

Студенттік жатақханаларының қолданысқа берілген ғимараттар, құрал-жабдықтар, дүние-мүліктер толықтай мемлекеттің меншігінде болып есептеледі;

 

Студенттерді әлеуметтік қолдау

Университет басшылығы әртүрлі әлеуметтік санаттағы студенттерге үлкен көңіл бөледі. Жоғары мектеп студенттері арасындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және мүгедек балалар қатарындағы студенттер туралы деректер жүйелі негізде жиналады.

 

Жоғары мектеп жетістігі

 

«Менің алғашқы стартапым» бизнес-жобалар байқауында 41 жобаның ішінен жоғары мектеп оқытушысы  Б.И. Мирзабаев жетекшілігімен 3 курс студенті Абдумажитов Нұрпейіс қатысып, 3 орынға ие болды және 350 000 теңге жүлдеге ие болды!

 Ақпараттық технологиялар және энергетика жоғары мектебінің 1 курс студенті Игенов Еркебулан, «Алтын батыр» әлем кубогының 1 орын иегері атанды

 

 

 

Қызықты студенттік өмір

 Студент атанған күннен бастап әрбір уақытыңызды, әрбір минутыңызды қызыққа толы қылып өткізіңіз. Уақыт өте келе еске алатын әрі сағынатын сәтіңіз дәл осы шақ болмақ! 

Жоғары мектеп белсенді студенттерінің мерекелік іс шарада бас қосу 

Студенттік арнау кеші

 Альянс пен Жастар рухы уйымдастырган ретроконцертте ИП Шанырак активисттеры

 

Жоғары мектеп белсенділері мерекелік іс-шараны жоғары дайындықпен өткізуде 

 

"Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер" кафедрасының оқытушы Смағулов К.Ж. бастамасымен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында футболдық жарыс өткізу сәтінен

 

 

Кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты

 

Жантасов Олжас Асанович   +7 701 160 8900

 

Қабылдау комиссиясы

 

 

 


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.