Жаңалықтар
«Жетім көрсең жебей жүр!» деген қағида негізінде «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің ИП-16-6к2 тобының студенттері және топ тәлімгерлері А.Сапаровамен дәстүрлі түрде қайырымдылық акцияларын жүргізіп келеді. 2017 жылдың 13-қараша күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Денсаулық сақтау басқармасының «Шымкент мамандандырылған бөбектер үйіне» кезекті қайырымдылық акциясын өткізді. Әлеуметтік көмек көрсету мақсатында бөбектерге сыйлықтар мен азық-түлік жеткізілді.
powered by social2s