Ағылшын тілі пәнінен “Train Your Brain” олимпиадасы

“Техникалық мамандықтар үшін шет тілі” кафедрасы
2025 жылғы 15 сәуір күні 1-курс техникалық мамандықтарының студенттері арасында “Train your brain” тақырыбында ағылшын тілі бойынша пәндік олимпиада өткізді.
Аталған іс-шараға «АС және К», «ММІ» факультеттері мен «ХИ және Б», «Т және АТЖ», «АТ және Э» жоғары мектептерінен 50-ден астам үздік студенттер қатысты.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды:
1 кезең – грамматика, тыңдалым және оқылым бойынша тапсырмалар;
2 кезең – жазылым және ауызша сөйлеу дағдыларын бағалау бойынша өтілді.
Аталған құрылым студенттердің ағылшын тілін меңгеру деңгейін жан-жақты саралап, олардың тілді меңгерудегі барлық негізгі дағдыларын бағалауға мүмкіндік берді.
Олимпиада нәтижесі бойынша жоғары нәтиже көрсеткен келесі студенттер жеңімпаз атанды:
- І орын – Мукушев Ильяс, ИП-24-7к2 тобы
-  ІІ орын – Кван Анастасия, ХТ-24-4р тобы және Абдирашев Айбек, СМ-24-7к тобы
-  ІІІ орын – Омірбай Аяулым, СМ-24-5р3 тобы
Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Білім биіктерін бағындыруды жалғастырып, алдағы уақытта да толағай табыстарға жете беріңіздер!

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.