Жаңалықтар
Ұлы Отан соғысының аяқталғанына міне, 70 жыл. Сол жылдардағы азапты күндер, ешқашан адам жүрегінен өшпейді. Өмір үшін күрескендер, аман қалғандар еліне, жеріне оралды.
Ұлы Отан соғысы ардагері – Қазбаев Абылай соғысты бастан аяқ көргендердің бірі. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Ақпараттық технологиялар және энергетика жоғары мектебінің т.ғ.к. доценті Бейсакулов Тағай Токтанұлының жетекшілігімен ИП -12 – 4к2 студенттеріне басынан кешкен қиын уақыттарын есіне ала әңгімелеп берді.
Кездесу барысында ардагерлермен сұхбат жүргізіп, үй шаруасында көмектестік. Сонымен қатар, ардагердің көңілін көтеруге тырыстық. Ал Қазбаев Абылай атамыз болса бізге: «Халқымыз бейбітшілікте өмір сүріп, еліміздің көркеюіне өз үлестерінді қосыңдар! Тәуелсіз елде мәңгі өмір кешіңдер!»-деп жылы лебіздерін білдірді.
Қазбаев Абылай – биыл 90 жасқа толады. «Сіздің ұзақ жасауыңыздың құпиясы не?» деген сауалға байыппен ғана «Ерте тұрамын, көп қимылдап, қозғаламын, өзіме айналысатын іс тауып аламын және де жас ұрпаққа спортпен шұғылданып, мейірімді, көңілді болып жүру керектігін, көп тіл біліу керек, жоғары білімді болу керектігін» айтып ақыл, кеңес берді.