Басып шығару

Талапкерге

        Ақпараттық технологиялар және энергетика жоғары

мектептің әлеуметтік сайттар арқылы кәсіптік бағдар беру бойынша ақпараты
 
        1. Ақпараттық технологиялар және энергетика жоғары мектеп. (АТжЭ ЖМ) 
        2. Ақпараттық технологиялар және энергетика жоғары мектебі математика, математикалық модельдеу, автоматтандыру және басқару, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру, ақпараттық жүйелер, электр энергетикасы,   радиотехника, электроника және телекоммуникациялар салалары бойынша мамандар дайындайды.    
        Жоғары мктепте оқу үдерісі  фундаментальді  физика-математикалық дайындықты талап ететін жаңа технологиялармен жабдықталған прогрессивтік ғылыми-техникалық және педагогикалық концепциялар негізінде  жүргізіледі.
        Құрамында 12 ғылым докторы, 3 PhD докторы, 47 доценті және ғылым кандидаттары, 4 жоғарғы мектеп үздігі  бар  жоғары мектеп қызметкеткерлері студенттер және магистранттардың қатысуымен бірнеше  бағытта  ғылыми зерттеулер жүргізіп келеді. 
        Қазіргі таңда жоғары мектепте білім алатын студенттердің жалпы саны – 1122, оның ішінде грант негізінде білім алатындары – 525. Жоғары мектептің көптеген түлектері шетелде Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жүр. Өткен оқу жылдарында «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-та 3 студент білім алып және 2 оқытушы ғылыми біліктілігін арттырды. Оқудағы үздік көрсеткіштері үшін жоғары мектептің 5 студентіне – Президенттік шәкіртақы, ағымдағы оқу жылында 6В07140-Электр энергетика мамандығының 3 студентіне –  олимпиада жеңімпаздарына  оқу гранттары тағайындалған. Ғылым және білім саласындағы ерен еңбегі үшін 4 профессор ғылым және білім министрлігінің «Жылдың үздік ұстазы» атағына ие. Академиялық ұтқырлық бойынша жоғары мектептің 15 астам студенттері Еуропа (Германия, Ресей, Чехия, Кипр, Литва және т.б. ) және Малайзия елдерінде білім алып қайтты.
        3. «АҚПАРАТТЫҚ  ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА» ЖОҒАРЫ  МЕКТЕБІ ДАЙЫНДАЙТЫН МАМАНДЫҚТАР ТІЗІМІ.

Білім беру бағдарламалары топтарының нөмірі

Білім беру бағдараламалары топтарының атауы

Білім беру бағдараламасының аталуы

1-бейіндік пән

2-бейіндік пән

В057

Ақпараттық технологиялар

 

 

6В06120

Ақпараттық жүйелер

Математика

Физика

6В06130

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Математика

Физика

6В06140

Математикалық және компьютерлік модельдеу

Математика

Физика

В059

Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар

6В06210

Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Математика

Физика

В063

Электротехника және автоматтандыру

6В07110

Автоматтандыру және басқару

Математика

Физика

В062

Электротехника және энергетика

6В07140

Жылу энергетикасы

Математика

Физика

6В07150

Электр энергетикасы

Математика

Физика

6В07151

Электрмен жабдықтау

Математика

Физика


4. Жоғары мектеп кафедралары

«Автоматтандыру және басқару» кафедрасы, кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Мусабеков Ахметбек Ақылбеквич, байланыс телефоны: 8(7252)  30-14-12. 
6В07110 – Автоматтандыру және басқару
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Басқару және автоматтандыру бакалавры;
6В06210 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
бакалавры.
Ғылыми атағы және дәрежесі бар оқытушылар құрамының үлесі 42,85% (ОПҚ барлығы-35; 2-т.ғ.д., профессор, 13-т.ғ.к., доцент,  9-аға оқытушы, 18-магистр).
        
«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасы. Кафедра меңгерушісі, ф.-м.ғ.к., доцент Ахметова Сабира Тастанқызы, байланыс телефоны: 8(7252)  30-14-12. 
6В06130 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру бакалавры.
Ғылыми атағы, дәрежесі бар оқытушылар үлесі 52% құрайды.( ОПҚ барлығы-27, 4 ғылым докторлары, 1 PhD докторы, 9 ғылым кандидаттары мен 12 магистрлер қызмет атқаруда. 
    
«Ақпараттық жүйелер және моделдеу» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Изтаев Жалғасбек Дулатович, байланыс телефоны: 8(7252) 30-05-88.
6В06120– Ақпараттық жүйелер
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Ақпараттық жүйелер бакалавры
Ғылыми атағы, дәрежесі бар оқытушылар үлесі-45,45%. (Жалпы профессор оқытушылар құрамы-22, соның ішінде 2 т.ғ.д., профессорлар, 1 PhD докторы және 8 т.ғ.к., доценттер)

6В06140 – Математикалық және компьютерлік модельдеу
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Математикалық және компьютерлік модельдеу бакалавры
Ғылыми атағы, дәрежесі бар оқытушылар үлесі 72,7% құрайды. Құрамында 4 ғылым докторы, 1 PhD докторы, 3 доценті және ғылым кандидаттары, 3 магистрлер  қызмет атқаруда.       

«Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі, Сахметова Гульмира Едиловна PhD докторы,  байланыс телефоны: 8(7252) 30-12-76.
6В07150–Электроэнергетика
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Электроэнергетика бакалавры
6В07140 – Жылуэнергетика 
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Жылуэнергетика бакалавры
Ғылыми атағы, дәрежесі бар оқытушылар үлесі 33,3% құрайды.
Оқытушылар  саны  21,   соның ішінде 2 т.ғ.д., профессорлар, ғылыми дәрежесі  мен атағы бар оқытушылар – 5.
        


powered by social2s