Басып шығару

«Фариза Оңғарсынова -қазақ поэзиясының падишасы» атты ашық тәлімгер сағаты

2014 жылдың 22 желтоқсаны күні  сессия кезінде  ИП-13-4к2   тобының студенттері  Фариза Оңғарсынованың  75-жылдығына арналған «Фариза Оңғарсынова  -қазақ поэзиясының падишасы» атты ашық тәлімгер сағатын өткізді.  Ашық сабақтың  қонақтары  ретінде  ЖМ  деканы Бесбаев Г.А.,  «ЭжДЭС»  кафедрасының оқытушылары: Бердалиева А.А., Кулмаханова И.К.  және басқалары қатысты. Ашық сабақта студенттер  Фариза Оңғарсынованың  өлеңдер жинағынан өздерінің сүйікті шығармаларын  оқыды.  Студент Ермахан  Батырхан  сүйікті өлеңі ретінде Фариза Оңғарсынованың   жастарға  жол сілтеп  жазған өлеңін оқып шықты. Бұл іс-шара  студенттер мен оқытушыларға  шиеленіскен емтихандар кезінде  позитивті эмоциялар  сыйлады.


powered by social2s